Әлеуметтік-техникалық колледж студенттері «Хулиганка» және «Не книжные закладки» атты екі әлеуметтік фильмді тамашалады.

Әлеуметтік-техникалық колледж студенттері «Хулиганка» және «Не книжные закладки» атты екі әлеуметтік фильмді тамашалады.

Туындыларда көтерілген тақырыптар жастарды бейжай қалдырмады. Олар мектептегі қорлықтан (буллинг) бастап, әлеуметтік желілер арқылы қылмыскерлердің құрығына қалай оңай түсіп қалуға болатынына дейін барлық мәселені талқылады. Кездесудің басты мақсаты — кинокадрлармен қорқыту емес, студенттердің бойында құқық бұзушылыққа қарсы иммунитет қалыптастыру. ҚР ІІМ тапсырысымен дайындалған бұл фильмдер өз құқықтары мен міндеттерін білетін жауапты ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған.

Бүгін колледжде Жас педагогтар мектебінің кезекті отырысы өтті.

Бүгін колледжде Жас педагогтар мектебінің кезекті отырысы өтті.

Жиынның тақырыбы: «Сабақтарда сұраудың түрлі формалары мен әдістерін қолдану». Тәжірибесімен қазақ тілі пәнінің оқытушысы А.И. Имашева бөлісіп, жас мамандарды білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын, сыни тұрғыдан ойлауын және функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи педагогикалық технологиялармен таныстырды. Тәжірибелі оқытушылар мен жас мамандар арасындағы тәжірибе алмасу — колледждегі білім беру сапасын арттырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ-мен бірлесіп ең нәзік әрі шабыттандыратын мереке — Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті! 💐

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ-мен бірлесіп ең нәзік әрі шабыттандыратын мереке — Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті! 💐

Ақ залымыз жылылық пен көктемгі көңіл-күйге толды. Біздің дарынды студенттеріміз жарқын бағдарлама дайындады: жүрекжарды әндер шырқалып, мың бұралған билер биленіп, ізгі тілектер айтылды. Бұл күні барлық алғыс пен құрмет колледжіміздің аяулы әйелдер қауымына — оқытушыларға, қызметкерлер мен студент қыздарға арналды.

Сіздердің даналықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз бен кәсібиліктеріңіз колледжімізді күн санап көркейтіп келеді. Осы көктем сіздерге тек қуаныш сыйласын, ал жүректеріңізден махаббат кетпесін!

Мерекелеріңізбен, аяулы арулар! 🎀

«8 игі іс» қайырымдылық марафоны! ❄️🌷

«8 игі іс» қайырымдылық марафоны! ❄️🌷

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің ФКиС-02 тобының студенттері игі бастамаға атсалысты. Біздің еріктілер «8 игі іс» марафоны аясында көмекке мұқтаж жандарға — зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және жалғызбасты қарт аналарға қол ұшын созды.

Жігіттер аулаларды қалың қардан тазартып қана қоймай, мереке қарсаңында жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау хаттарын табыс етті. Студенттеріміз үшін бұл жай ғана жұмыс емес, үлкендерге деген құрмет пен қамқорлықтың белгісі.

Мейірімділік әлемді құтқарады! Біздің болашақ спортшылар тек салауатты өмір салтын ғана емес, игі істерді де қолдайды! 💪✨

WorldSkills QSTC-2026: Шеберлікке бастар жол!

WorldSkills QSTC-2026: Шеберлікке бастар жол!

3 наурыз күні Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Кәсіби навигатор» атты ауқымды іс-шара өтті. Оның аясында үздік мамандарды шыңдайтын бірегей алаң — WorldSkills QSTC-2026 мини-чемпионаты өткізілді.

Студенттер мәдениет сарайында қатысушылар мен сарапшылар кәсіби шеберлікке салтанатты түрде ант берді. Студенттердің шеберлігін бағалау үшін өңірдің жетекші сарапшылары, соның ішінде «СарыарқаАвтоПром» ЖШС өкілдері шақырылып, іс-шара соңында жеңімпаздарды дипломдармен марапаттады.

Жеңімпаздарды және олардың тәлімгерлерін құттықтаймыз! Сіздер — еліміздің кәсіби әлеуетісіздер!