Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Жастар ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Қазіргі заманда қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне тікелей әсер ететін ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі – сыбайлас жемқорлық болып табылады. Бұл індетпен күрестің алдыңғы шебінде жастар тұруы тиіс.
Мемлекет басшысының айқын және жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының арқасында қоғамда жемқорларға төзбеушілік ахуалы қалыптасты және лауазымына қарамастан, сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күрес жүргізуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасалды.
Осылайша, сыбайлас жемқорлықпен және оны туындататын себептермен тиімді күрес жүргізу үшін барлық қажетті құқықтық, экономикалық және саяси алғышарттар жасалуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастармен жұмыс істеу ерекше маңызды рөл атқарады. Жас кезінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын енгізу ғана бұл әлеуметтік әрі адамгершілік індетті жоюға мүмкіндік береді.
Егер сіз сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға тап болсаңыз, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 call-орталығына хабарласа аласыз (қоңырау тегін).
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Үлгі ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Үлгі ереже) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
Осы Үлгі ереже квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелердің немесе тұлғалардың мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын, функцияларын және өкілеттіктерін айқындайды.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері өз қызметінің ерекшелігіне қарай осы Үлгі ережені ескере отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы ережені бекітеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы ереже квазимемлекеттік сектор субъектісінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады және барлық қызметкерлердің назарына жеткізіледі.
Осы Үлгі ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функция;
-
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу;
-
мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, бұл кезде көрсетілген адамдардың жеке мүдделері олардың лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін;
-
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – сыбайлас жемқорлық белгілері бар, заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген құқыққа қарсы кінәлі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);
-
сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;
-
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – превентивті шаралар жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметі;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыруды және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері.
Квазимемлекеттік сектор субъектісінде негізгі міндеті осы ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімше немесе жауапты тұлға айқындалады.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын орындайтын жауапты тұлға ықтимал мүдделер қақтығысын ескере отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімше немесе жауапты тұлға директорлар кеңесінің, байқаушы кеңестің (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органының шешімімен, ал аталған органдар болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысымен айқындалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі өз өкілеттіктерін атқарушы органға, квазимемлекеттік сектор субъектісінің лауазымды адамдарына тәуелсіз жүзеге асырады, директорлар кеңесіне, байқаушы кеңеске (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органына есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне әдістемелік қолдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқа құрылымдық бөлімшелерінің функцияларымен біріктіруге жол берілмейді.
Егер Заңмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттармен осы Үлгі ережеде көзделмеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ұйымдастыруға қойылатын талаптар мен тәсілдер белгіленсе, онда бұл талаптар мен тәсілдер директорлар кеңесімен, байқаушы кеңеспен (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органымен, ал аталған органдар болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысымен бекітіледі.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, функциялары және өкілеттіктері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі қызметінің негізгі мақсаты тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің міндеттері:
-
квазимемлекеттік сектор субъектісі және оның қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және превенция құралдарының енгізілуін қамтамасыз ету;
-
квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
-
квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптардың және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
-
Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
Квазимемлекеттік сектор субъектісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын енгізу және жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
-
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
-
басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің тиімділігіне мүдделілігі;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі қызметінің ақпараттық ашықтығы;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің тәуелсіздігі;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың құзыретін тұрақты арттыру.
-
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функциялары
-
әзірленуін қамтамасыз етеді:
-
квазимемлекеттік сектор субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ішкі саясатын;
-
квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықты;
-
квазимемлекеттік сектор субъектісінде мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу жөніндегі ішкі саясатты;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі іс-шаралардың ішкі жоспарын;
-
квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтар туралы хабардар ету тәртібін регламенттейтін құжатты;
-
корпоративтік этика және мінез-құлық мәселелерін регламенттейтін құжатты;
квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпаратты жинауды, өңдеуді, жинақтауды, талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14441 болып тіркелген) бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді үйлестіреді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның және квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауға қатысады;
квазимемлекеттік сектор субъектісінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және оларды азайту және жою бойынша қабылданып жатқан шараларға мониторинг жүргізеді;
квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізеді;
квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарларын ұйымдастырады;
квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының және корпоративтік этика мен мінез-құлық мәселелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
квазимемлекеттік сектор субъектісінің ұжымында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің құзыреті шегінде Заңда белгіленген қаржылық бақылау шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын қамтамасыз етеді;
квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторингті әзірлейді және жүргізеді;
мүдделер қақтығысын, оның ішінде жұмысқа орналастыру, сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектісінің бизнес-процестері мәселелерінде анықтау, мониторинг жүргізу және реттеу бойынша шаралар қабылдайды;
квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыйлықтар беру және алу мәселелерін реттеу бойынша шаралар қабылдайды;
контрагенттердің адалдығына кешенді тексеру жүргізеді;
квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізеді және/немесе оларға қатысады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерге, квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасына мониторинг және талдау жүргізеді;
квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуының тиімділігін бағалауды жүргізеді;
квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратын тыңдайды;
квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар енгізеді;
квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметінің ерекшелігіне байланысты, егер мұндай функциялар тәуелсіздікке әсер етпесе және мүдделер қақтығысын тудырмаса, комплаенс, іскерлік этика, тұрақты даму мәселелеріне байланысты функцияларды жүзеге асырады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысын тағайындау және оның өкілеттік мерзімін, сыйақы мөлшерін және еңбекақы төлеу шарттарын айқындау директорлар кеңесінің, байқаушы кеңестің (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органының шешімімен, ал аталған органдар болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысымен жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысының ұсынуы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысының шешімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің құрылымы, штат саны (сандық құрамы), өкілеттік мерзімі, жұмыс тәртібі және еңбекақы төлеудің өзге де шарттары айқындалады және олар тағайындалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі басшысының және қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы ереженің негізінде әзірленетін және квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы бекітетін лауазымдық нұсқаулықтармен немесе қызметкердің қызметтік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын құжаттармен белгіленеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы директорлар кеңесіне, байқаушы кеңеске (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органына, ал аталған органдар болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныс береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі атынан квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқа құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволарға және ведомстволық бағынысты ұйымдарға жіберілетін құжаттар мен сұрау салуларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы қол қояды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы мен қызметкерлері уәкілетті органдар және комплаенс саласындағы кәсіпқой ұйымдар өткізетін оқыту іс-шараларына қатысу арқылы кәсіптік біліктілігін тұрақты арттырып отыруы қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі өз қызметі шеңберінде:
-
квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелерінен ақпарат пен материалдарды, оның ішінде коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және алады;
-
өз құзыретіне жататын мәселелерді директорлар кеңесінің, байқаушы кеңестің (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органының қарауына шығаруға бастамашылық жасайды, ал аталған органдар болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына шығарады;
-
ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарламалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізеді;
-
қызметтік тергеулер шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшыларынан және басқа да қызметкерлерінен жазбаша түсініктемелер беруді талап етеді;
-
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
-
өз құзыреті шегінде ішкі құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады;
-
квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілерінің болуы немесе ықтимал мүмкіндігі туралы хабарлау үшін не квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметкерлеріне арналған ақпараттандыру арналарын құрады;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған квазимемлекеттік сектор субъектісі және оның үлестес тұлғалары туралы ақпараттың, инсайдерлік ақпараттың құпиялылығын сақтайды, егер онда дайындалып жатқан және (немесе) жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы деректер болмаса;
-
квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі сыбайлас жемқорлықтың болжамды немесе нақты фактілері, корпоративтік этика кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзге де ішкі құжаттарды бұзу туралы өтініш білдірген адамдардың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
-
директорлар кеңесін, байқаушы кеңесті (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органына, ал аталған органдар болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілерінің болуына немесе ықтимал мүмкіндігіне байланысты кез келген жағдайлар туралы уақтылы хабардар етеді;
-
дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың белгілі болған жағдайлары туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның назарына жеткізеді;
-
квазимемлекеттік сектор субъектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді;
-
қызметтік және кәсіптік этиканы сақтайды.
-
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызметкерлері мынадай әрекеттерді жасамауға тиіс:
-
олар бұрынғы үш жыл ішінде қатысқан процестерді тексеруге қатысуға;
-
тексерудің бейтараптығына нұқсан келтіретін немесе осындай нұқсан келтіретін ретінде қабылдануы мүмкін қызметке қатысуға;
-
құпия ақпаратты жеке мүдделерде пайдалануға;
-
іскерлік этика нормаларын бұзуға;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің тәуелсіздігіне, объективтілігіне және бейтараптығына нұқсан келтіруі мүмкін немесе осындай нұқсан келтіретін ретінде қабылдануы мүмкін сыйлықтарды қабылдауға және қызметтерді пайдалануға;
-
мүдделер қақтығысына әкеп соғуы мүмкін тексерулерге, қызметтік тергеулерге және басқа да іс-шараларға қатысуға.
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшылығына мыналар қажет:
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі қызметін жүзеге асыру үшін тиімді орта құруға жәрдемдесу, оның мақсатын, міндеттерін, функцияларын және міндеттерін орындауға, құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі қызметін әкімшілік (ұйымдастырушылық-техникалық) қамтамасыз етуді жүзеге асыру, оның ішінде оның қызметі үшін қажетті мүмкіндіктермен, активтермен және ресурстармен, оның ішінде ақпараттық жүйелермен және қосымшалармен (қажетті дерекқорларға қолжетімділіктермен) және өзге де тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;
-
сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысына және қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі қызметі, әлеуметтік және коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер мәселелері бойынша оқыту және сертификаттау мүмкіндіктерін беру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылы жұмыстағы өзара сыпайылық пен әдептілік негізінде құрылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне мынадай жолдармен жәрдем көрсетеді:
-
осы Үлгі ереженің 14-тармағының 1) тармақшасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты беру;
-
анықталған тәуекелдер мен бұзушылықтарды объективті талқылау;
-
туындайтын мәселелер мен проблемаларды бірлесіп шешу.
-
3-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің есептілігі
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі тоқсан сайын квазимемлекеттік сектор субъектісінде қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінде қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша қосымша ақпарат жіберіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған квазимемлекеттік сектор субъектісінің директорлар кеңесіне, байқаушы кеңеске (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органына, ал аталған органдар болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы алдында мерзімді түрде есеп береді.
Квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысының тарапынан ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туындаған кезде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінеді.