Жиынның тақырыбы: «Сабақтарда сұраудың түрлі формалары мен әдістерін қолдану». Тәжірибесімен қазақ тілі пәнінің оқытушысы А.И. Имашева бөлісіп, жас мамандарды білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын, сыни тұрғыдан ойлауын және функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи педагогикалық технологиялармен таныстырды. Тәжірибелі оқытушылар мен жас мамандар арасындағы тәжірибе алмасу — колледждегі білім беру сапасын арттырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.