2026 жылғы 5 ақпанда «Дене тәрбиесі және спорт» онкүндігі аясында колледж бөлімшелері арасында «Көңілді старттар» спорттық сайысы өтті. Іс-шара достық әрі жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сайыс барысында студенттер шапшаңдықтарын, ептіліктерін, ұйымшылдықтарын, командалық рух пен жағымды көңіл күйді көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша келесі номинациялар анықталды:
• «Ең жылдам команда» — Дене тәрбиесі және спорт бөлімі;
• «Ең ұйымшыл команда» — техникалық бөлім;
• «Ең позитивті команда» — Экономика және құқық бөлімі.
«Көңілді старттар» спорттық сайысын өткізу студенттердің денсаулығын нығайтуға, дене тәрбиесіне қызығушылығын арттыруға және түрлі бөлімдердің студенттері арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етті.