Шукманова Роза Сейтхановна
Шукманова Роза Сейтхановна

Колледж директоры

Заң ғылымдарының магистрі

Құрметті достар!

«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесі бүгінде еңбек нарығында сұранысқа ие, бісекеге қабілетті, білікті мамандарды даярлайтын оқу орталығы болып табылады. Колледж жылсайын заңгерлер, мұғалімдер, аудармашылар, менеджерлер, қаржыгерлер, бағдарламашылар және басқа да орта буын мамандарынан тұратын 12 мамандық бойынша студенттерді шығарады. Бюджет және коммерциялық негізде білім береді.

Колледжде ынтымағы жарасқан оқытушылар ұжымы бар, олардың 70 пайызы ғылым кандидаттары, магистрлер, бірінші және жоғары санатты оқытушылар. Колледж институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтті .

Қалыптасқан қолайлы орта студенттердің кәсіби және тұлғалық қалыптасуы мен дамуына, олардың оқу және  сабақтан тыс қызығушылықтарын, сонымен қатар педагогтардың шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді.

Мамандар даярлауды қамтамасыз ету үшін колледжде 2 оқу корпусы,  сонымен қатар мамандандырылған оқу кабинеттері мен зертханалары, оқу полигоны, спорт залдары бар. Оқу ғимаратына жақын жерде колледж жатақханасы орналасқан.

Студенттерді кәсіптік оқыту саласында тиімді әлеуметтік әріптестік мақсатында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС,  «АгромашХолдинг» ЖШС,  «Рембыттехника» ЖШС және т.б. мемлекеттік және жеке кәсіпорындармен қарым-қатынастар жолға қойылған.

Әрбір түлектің мамандық алу жолы оқу орнын таңдаған сәттен басталады. Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде білім алу маманның кәсіби құзыретті, әлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғасын қалыптастыруға ықпал етеді. Мұнда сіз танымал мамандықтардың лайықты таңдауын таба аласыз

Қош келдіңіз!

Жиі қойылатын сұрақтар

Қандай мамандықтар бар?

03220200 «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану» 

07130200 «Электрмен қамтамасыз ету (салалар  бойынша)»

02310100 «Аударма ісі (түрлері бойынша)»

01140500 «Дене тәрбиесі және спорт»

05220100 «Экология  және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша)»

09230100 «Әлеуметтік жұмыс»

06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)»

10410200 «Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»

04120100 «Банк және сақтандыру ісі»

04130100 «Менеджмент (қолдану салалары  бойынша)»

04210100 «Құқықтану»

01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

Колледж студенттеріне жатақхана беріледі ме?

Иә, жатақханадағы орын қосымша ақыға беріледі.

Жатақхана мекен-жайы: Қостанай қ., Пушкин көшесі 140

 Жатақхана туралы толығырақ

Сұрақ-жауап

Здравствуйте, у вас есть такая профессия как машинист железно дорожного транспорта? (29.06.2022)

Здравствуйте. Данной специальности у нас нет.

Есть специальность»Организация перевозок на железнодорожном транспорте». «Техник-организатор перевозок»