3 наурыз күні Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Кәсіби навигатор» атты ауқымды іс-шара өтті. Оның аясында үздік мамандарды шыңдайтын бірегей алаң — WorldSkills QSTC-2026 мини-чемпионаты өткізілді.
Студенттер мәдениет сарайында қатысушылар мен сарапшылар кәсіби шеберлікке салтанатты түрде ант берді. Студенттердің шеберлігін бағалау үшін өңірдің жетекші сарапшылары, соның ішінде «СарыарқаАвтоПром» ЖШС өкілдері шақырылып, іс-шара соңында жеңімпаздарды дипломдармен марапаттады.
Жеңімпаздарды және олардың тәлімгерлерін құттықтаймыз! Сіздер — еліміздің кәсіби әлеуетісіздер!