Әлеуметтік-техникалық колледж студенттері «Хулиганка» және «Не книжные закладки» атты екі әлеуметтік фильмді тамашалады.

Нау 12, 2026

Туындыларда көтерілген тақырыптар жастарды бейжай қалдырмады. Олар мектептегі қорлықтан (буллинг) бастап, әлеуметтік желілер арқылы қылмыскерлердің құрығына қалай оңай түсіп қалуға болатынына дейін барлық мәселені талқылады. Кездесудің басты мақсаты — кинокадрлармен қорқыту емес, студенттердің бойында құқық бұзушылыққа қарсы иммунитет қалыптастыру. ҚР ІІМ тапсырысымен дайындалған бұл фильмдер өз құқықтары мен міндеттерін білетін жауапты ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған.