Әлихан Бөкейханов: ұлы ұлттың тұлғасы

Әлихан Бөкейханов: ұлы ұлттың тұлғасы

2026 жылғы 17 ақпанда Костанай әлеуметтік-техникалық колледжінің оқу залында ұлы қазақ қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының негізін қалаушы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың 160 жылдық мерейтойына арналған ауызша журнал өткізілді.

Программада Әлиханның өмірі мен қызметі туралы мәліметтер, қызықты деректер (9 тілді еркін меңгергені, ғалым, публицист, аудармашы болғаны, Алашорда үкіметінің тұңғыш төрағасы атанғаны), замандастарының оның ұлт тарихындағы рөліне берген жоғары бағалары айтылды. Ол қазақ халқының азаттығы, жері мен тілі үшін өмірін арнаған ұлы тұлға ретінде еске алынды.

Іс-шара соңында студенттер викторина сұрақтарына жауап беріп, білімдерін сынады. Программаны студенттер Достанов Даниель мен Холод Татьяна жүргізді.Бұл шара жастарға ұлттық тарихты тереңірек түсінуге және Әлихан сияқты ұлы тұлғалардан үлгі алуға септігін тигізді!

❤️ Махаббат баланың көзімен: шынайылық пен пәктікБіз, ересектер, махаббатты жиі күрделендіріп жібереміз. Ал балалар үшін бәрі әлдеқайда қарапайым әрі шынайы. Біз бүлдіршіндерден «Махаббат деген не?» деп сұрадық. Міне, олардың ең әсерлі жауаптары:

❤️ Махаббат баланың көзімен: шынайылық пен пәктік
Біз, ересектер, махаббатты жиі күрделендіріп жібереміз. Ал балалар үшін бәрі әлдеқайда қарапайым әрі шынайы. Біз бүлдіршіндерден «Махаббат деген не?» деп сұрадық. Міне, олардың ең әсерлі жауаптары:

[15:41, 16.02.2026] Утагалиева Мадина Сагитовна Зам вр: Қамқорлық туралы: «Махаббат — бұл анам әкемнің терлеп, үсті-басы кір болып келгенін көрсе де, оған әлі де ең әдемі екенін айтуы».

Назар аудару туралы: «Егер біреу сеңі жақсы көрсе, ол сенің есіміңді ерекше айтады. Сенің есімің оның аузында өзін жайлы сезінетіндей көрінеді».

Үйлесім туралы: «Бұл — үйде бәліштің иісі аңқып тұруы және кілемге шырын төгіп алсаң да, ешкімнің саған айқайламауы».

Жомарттық туралы: «Махаббат — бұл ең тәтті кәмпитіңді біреуге беру және оған еш өкінбеу».

Адалдық туралы: «Бұл — сен бір балаға жейдесінің әдемі екенін айтуың, ал оның сол жейдені күн сайын киіп келуі».
#балатілібала #махаббат #отбасы #бақыт #шынайылық #тәрбие

«Референдум–2026» онлайн-марафоны

«Референдум–2026» онлайн-марафоны

Саясаттанушы Индира Рыстина жаңа преамбулада тарихымыз, қандай қоғамда өмір сүріп жатқанымыз және елдің негізгі қағидаттары анық көрсетілгенін айтты. Оның сөзінше, бұл Конституция жобасындағы кіріспе сөз мектеп оқушысына да түсінікті.

«Референдум–2026» онлайн марафоны қалай өтті?

Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналды. Алты сағат бойы 100-ге жуық спикер ашық диалог алаңында талқылаулар өткізіп, құжаттың мазмұны мен маңызын және қоғам өміріне ықпалын жан-жақты талдады. Марафон отандық телеарналар мен интернет порталдардың ресми сайты мен әлеуметтік желідегі платформалары арқылы тікелей трансляцияланды.

Астанада жаңа Конституцияға арналған «Референдум-2026» онлайн-марафоны өтті

Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң ретінде ұйымдастырылған. Алты сағатқа созылған марафон барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026

«Кітап сыйлау – жүрек сыйлау»13 ақпанда, Халықаралық кітап сыйлау күні қарсаңында Костанай әлеуметтік-техникалық колледжі кітапханасының белсенділері «Жанұя» отбасылық балалар үйіне барды.

«Кітап сыйлау – жүрек сыйлау»13 ақпанда, Халықаралық кітап сыйлау күні қарсаңында Костанай әлеуметтік-техникалық колледжі кітапханасының белсенділері «Жанұя» отбасылық балалар үйіне барды.

Балалармен кітап туралы әңгіме, викторина және ойындар ұйымдастырылды. Студенттер мен оқытушылардың күшімен кітаптар, ойыншықтар және қажетті заттар жиналды.
Биылғы акцияның ең белсенді қатысушылары-оқытушылар: Абишева Әлия Имашевна, Ахметова Әсел Серикбаевна, Сребродольская Анна Александровна, Жулдубаева Гулия Имашевна, Кожабаева Гүлнар Маликовна, Жумасаева Сәния Тулегеновна, Борискина Виктория Петровна.
Ахметова Әсел Серікбаевна 60 кітап сыйлады! Барлық студенттерімізге де шынайы алғысымызды білдіреміз – сіздердің қатысуларыңызбен шара мәнді әрі жылы болды.Баршаңызға үлкен рақмет!

11–12 ақпан күндері қалада шаңғы спорты бойынша қалалық фестиваль және «Лыжня здоровья–2026» жаппай шаңғы жарыстары ұйымдастырылды. Аталған шара техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен оқытушыларын біріктіріп, қысқы спорт маусымының жарқын оқиғасына айналды.

11–12 ақпан күндері қалада шаңғы спорты бойынша қалалық фестиваль және «Лыжня здоровья–2026» жаппай шаңғы жарыстары ұйымдастырылды. Аталған шара техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен оқытушыларын біріктіріп, қысқы спорт маусымының жарқын оқиғасына айналды.

Жарысқа ТжКБ жүйесінің 15 оқу орны қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, төзімділік пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.

Фестиваль қорытындысы бойынша «Әлеуметтік-техникалық колледждің» білім алушылары лайықты нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте құрметті 3-орынға ие болды.

Жеке есепте колледж білім алушысы Бержицкий Данил ерекше көзге түсіп, сенімді түрде 1-орынды иеленді. Ол өзінің жоғары физикалық дайындығы мен спорттық мінезін дәлелдеді.

Колледж командасын және жеңімпазды табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жеңістер мен спорттық жетістіктер тілейміз!