Ақ залымыз жылылық пен көктемгі көңіл-күйге толды. Біздің дарынды студенттеріміз жарқын бағдарлама дайындады: жүрекжарды әндер шырқалып, мың бұралған билер биленіп, ізгі тілектер айтылды. Бұл күні барлық алғыс пен құрмет колледжіміздің аяулы әйелдер қауымына — оқытушыларға, қызметкерлер мен студент қыздарға арналды.
Сіздердің даналықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз бен кәсібиліктеріңіз колледжімізді күн санап көркейтіп келеді. Осы көктем сіздерге тек қуаныш сыйласын, ал жүректеріңізден махаббат кетпесін!
Мерекелеріңізбен, аяулы арулар! 🎀