Институционалдық аккредиттеу

Мамандандырылған аккредиттеу

«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесін мемлекеттік аттестаттау туралы

2023 жылдың 13-17 наурызы аралығында «Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесіне мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

Аттестаттау комиссиясының шешімімен колледждің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес деп танылды.

Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша «Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесіне «аттестатталды» деген қорытынды берілді, себебі білім беру қызметі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.