Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде студенттердің ғылыми қоғамы конференциясы өтті, онда студенттер сандық технологиялардан бастап әлеуметтік жобаларға дейін, «жұлдыздар неге жарқырайды» дегеннен бастап «баспанасыз жануарлар» мәселесіне дейін және тағы басқа тақырыптар бойынша жұмыстарын ұсынды.

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде студенттердің ғылыми қоғамы конференциясы өтті, онда студенттер сандық технологиялардан бастап әлеуметтік жобаларға дейін, «жұлдыздар неге жарқырайды» дегеннен бастап «баспанасыз жануарлар» мәселесіне дейін және тағы басқа тақырыптар бойынша жұмыстарын ұсынды.

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің холлында «Менің әкем — қорғаушым» атты фотокөрме ұйымдастырылды.

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің холлында «Менің әкем — қорғаушым» атты фотокөрме ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — отбасылық құндылықтарды нығайту, ата-аналарға деген құрметті және студенттер арасында патриоттық рухты тәрбиелеу. Көрмеде студенттердің әкелерінің батылдығын, еңбексүйгіштігін және отбасына деген қамқорлығын көрсететін фотосуреттер ұсынылды. Қатысушылар фотожұмыстармен қызығушылықпен танысып, өз әкелері туралы жылы естеліктерімен бөлісті. Көрме сыйластық, алғыс және отбасылық жылулық атмосферасын қалыптастырып, әкенің әр адамның өміріндегі маңызды рөлін тағы бір рет көрсетті.

3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығы (ҚШИКҚ) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті.

Құжатқа Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов пен ҚШИКҚ Басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков қол қойды.
Іс-шараға Бас прокуратураның, Сыртқы істер министрлігінің, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның басшылығы, сондай-ақ ҚШИКҚ Басқармасы мен Атқарушы комитетінің мүшелері қатысты.

Берік Асылов өз сөзінде инвестиция тарту ұлттық маңызы бар мәселе екенін атап өтіп, прокуратура органдары «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде құқық бұзушылықтарға әрекет етуден бизнестегі проблемалардың жүйелі алдын алуға көшуді қамтамасыз етіп отырғанын айтты.

Соңғы үш жылда кәсіпкерлерге қатысты тіркелген қылмыстық істер саны 4 есеге немесе 71,5%-ға қысқарды.

Ағымдағы жылы 2025 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда бизнеске кедергі келтіру фактілері бойынша әкімшілік өндірістер саны 3 есеге (16-дан 50-ге дейін) өсті (ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабы).

Бизнестің құқықтарын қорғау тетіктерін дамыту цифрландырумен және жасанды интеллект технологияларын енгізумен тығыз байланысты қарастырылуда, бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық бағытқа сәйкес келеді.

Қазіргі уақытта прокуратура органдары жалпы сомасы 100 трлн теңгені құрайтын шамамен 3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеуде. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 250-ден астам жоба іске қосылып, 30 мың жұмыс орны құрылды.

«Меморандумға қол қою халықаралық бизнес-қоғамдастықпен ынтымақ тастығымызды сапалы жаңа деңгейге шығарады.
Прокуратура мен Қауымдастық арасында тұрақты тікелей байланыс арнасы қамтамасыз етіліп, әкімшілік кедергілерді жедел жоюға мүмкіндік береді», – деді Бас Прокурор.

ҚШИКҚ Басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков ашық диалогқа дайындық үшін алғыс білдіріп, жаңа институционалдық қорғау тетіктерінің маңыздылығын атап өтті.

«Біз Бас Прокурорға Инвестициялық омбудсмен функцияларының берілуін және профильдік комитеттің құрылуын жоғары бағалаймыз. Бұл – құқықтарды қорғау кепілдіктерін нығайтуға және халықаралық бизнестің сенімін арттыруға бағытталған дер кезінде қабылданған жүйелі қадам», – деді Ерлан Досымбеков.

Тараптар Меморандум әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның сенімді юрисдикцияны қамтамасыз ететіні, озық халықаралық тәжірибелерді енгізетіні және инвесторлар үшін тұрақтылықты кепілдендіретіні туралы айқын белгі болатынына сенім білдірді.

Салтанатты рәсім Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің және «KAZAKH INVEST» қызметінің таныстырылымдарымен, сондай-ақ қатысушылар арасында пікір алмасумен аяқталды.
 
🌐 https://t.me/GenPr

📚 Студенттерге арналған дәріс

📚 Студенттерге арналған дәріс

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Құқықтану» мамандығы студенттеріне Қазақстандағы Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро өкілі Ахметбекова М.М. «Адам құқықтары және азаматтығы жоқ тұлғалар» тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында құқықтық қорғау, көмек көрсету және азаматтығы жоқ тұлғалардың мәртебесін анықтау мәселелері қарастырылды. Студенттер белсенді қатысып, пайдалы білім алды.

#КСТК #Правоведение #Құқықтану #ПраваЧеловека #АдамҚұқықтары #Костанай

2026 жылғы 28 сәуірде Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Парктер шеруі – 2026» ауқымды акциясы өтті.

2026 жылғы 28 сәуірде Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Парктер шеруі – 2026» ауқымды акциясы өтті.

Наурзум мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл шара табиғатты қорғау жолында мамандардың, студенттер мен өскелең ұрпақтың басын қосты.
Күннің басты оқиғасы — колледж бен қорық арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды. Бұл студенттерге ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра нысанында ғылыми жобалар мен тәжірибеден өтуге жол ашады. Осы серіктестіктің құрметіне колледж аумағында «Әлеуметтік серіктестік аллеясы» бой көтерді.
Акцияның маңыздылығын біздің кішкентай серіктестеріміз — «Антошка» және «Бөбек» балабақшаларының тәрбиеленушілері арттыра түсті. Бүлдіршіндер студенттермен бірге ағаш отырғызып, жас кезінен туған өлкені аялауды үйренді.
Мереке эко-флешмоб, «Жасыл планета» квизі және шығармашылық көрмемен жалғасты.
Бүгін отырғызылған әрбір ағаш — планетамызды сақтауға жасалған ортақ қадамымыз!

ПО-03 тобының студенті Кужаков Манат 22 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында кёрлингтен өткен Челябинск облысының біріншілігінен оралды. Ол тартысты додада жүлделі 2-орынға ие болды!

ПО-03 тобының студенті Кужаков Манат 22 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында кёрлингтен өткен Челябинск облысының біріншілігінен оралды. Ол тартысты додада жүлделі 2-орынға ие болды!

Кёрлингті тегіннен-тегін «мұздағы шахмат» деп атамайды. Манат жүрістерді алдын ала есептеп, нысананы дәл көздей алатынын дәлелдеді. Қатарымызда осындай жан-жақты әрі мақсатқа ұмтылған жастардың барын мақтан тұтамыз!

Манатты лайықты марапатымен құттықтаймыз және болашақта тек алтын тұғырдан көрінуін тілейміз! 🚀🔥