Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің ФКиС-02 тобының студенттері игі бастамаға атсалысты. Біздің еріктілер «8 игі іс» марафоны аясында көмекке мұқтаж жандарға — зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және жалғызбасты қарт аналарға қол ұшын созды.
Жігіттер аулаларды қалың қардан тазартып қана қоймай, мереке қарсаңында жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау хаттарын табыс етті. Студенттеріміз үшін бұл жай ғана жұмыс емес, үлкендерге деген құрмет пен қамқорлықтың белгісі.
Мейірімділік әлемді құтқарады! Біздің болашақ спортшылар тек салауатты өмір салтын ғана емес, игі істерді де қолдайды! 💪✨