Бәрі де отбасынан басталады
2025 жылдың 12 қыркүйегінде Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында Киев филиалы кітапханасының қызметкерлері Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің аға кітапханашысы Айман Қожаққызы Бекентаевамен бірге 2-курс-3 курс студенттерінің қатысуымен «Отбасылық альбом: Барлығы отбасынан басталады» тақырыптық іс-шарасын өткізді.
Жиын басында ұйымдастырушылар отбасы институтын нығайту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды. Қатысушылар Қазақстандағы Отбасы күнін тойлау тарихымен де танысты.
Іс-шараның интерактивті бөлімінде оқушылар «отбасы» сөзіне өзіндік анықтама берді, «отбасы құндылықтары» тақырыбына суреттерін салды, сайыстарға қатысты:
– «Мен сен үшін кіммін?
– «Отбасы туралы мақал-мәтел жина»
– «Ассоциациялар»
– «Әдебиет туыстары» ойын
Кездесу соңында қатысушылар берілген тақырып бойынша кинофильм құрастырды. Іс-шара қатысушыларға пайдалы білім мен жарқын әсерлер сыйлап, жылы, достық атмосферада өтті.