Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған көрме

Сәу 23, 2024 | 0 comments

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде қазақ даласының біртуар перзенті, ғылым мен өндірістегі орасан жетістіктерімен есімі астасып жатқан Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай көрме  ұйымдастырылды. Қ.И. Сәтбаев – қазақ тіліндегі  алгебра оқулығын тұңғыш құрастырушы, қазақтар арасындағы тұңғыш кәсіби инженер-геолог, КСРО Ғылым академиясының қазақтан шыққан тұңғыш академигі, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті және негізін қалаушы. Қазақ КСР Ғылым академиясы Геология институтының директоры, Қазақстандағы тұңғыш Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың лауреаты. Көрнекті геолог, ғылымның көрнекті ұйымдастырушысы, ірі мемлекет және қоғам қайраткері Сәтбаев есімін өз халқының тарихына алтын әріптермен жазды. Колледж студенттері мен қызметкерлері Қазақстан тарихына қосқан үлесін бағалауға болмайтын ұлы ғалым және өз елінің патриоты өмірбаянының беттерін тағы бір рет еске түсіруге мүмкіндік алды