20 наурыз — Наурызнама аясында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде ұлттық және күштік спорт түрлерінен жарыс өтті. Студенттер 5 бағыт бойынша бақ сынасты:

20 наурыз — Наурызнама аясында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде ұлттық және күштік спорт түрлерінен жарыс өтті. Студенттер 5 бағыт бойынша бақ сынасты:

Қол күресі (Армрестлинг): Күш пен техниканың тартысы.

Гір тасын көтеру: Атлеттердің нағыз төзімділігі.

Арқан тартыс: Нағыз командалық рух пен ұйымшылдық.

Асық ату: Мергендік пен ептілік ойыны.

Тоғызқұмалақ: «Дала шахматындағы» интеллектуалды бәсеке.

Ұйымдастырушылар жастардың бойындағы отансүйгіштік пен жеңіске деген жігерін ерекше атап өтті. Бұл күн нағыз батырлар мен ептілердің мерекесіне айналды!

2026 жылғы 19 наурыз күні сағат 11:00-деҚазақстан Республикасында Жаңару күні аясында күйлерді бір мезетте орындау бойынша республикалық акция өтті.

2026 жылғы 19 наурыз күні сағат 11:00-деҚазақстан Республикасында Жаңару күні аясында күйлерді бір мезетте орындау бойынша республикалық акция өтті.

🎶 Елдің барлық мектептерінде, қосымша білім беру ұйымдарында және колледждерінде қазақтың ұлттық өнер туындылары шырқалды. Репертуарда «Тепеңкек», «Елкисса», «Ерке сылқым», «Қороғлы», «Көксерке» және басқа да күйлер орындалды.

✨ Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері де бұл бастаманы қолдап, акцияға белсенді қатысты. Колледж домбырашысы күйлер орындап, ұлттық рухты, мәдениет пен дәстүрді насихаттады.

🎵 Іс-шара бірлік пен жаңарудың, ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болып, ұлттық музыкалық мұраны дәріптеуге өз үлесін қосты.

Бүгін Наурызнама онкүндігінің ең жылы әрі қасиетті мерекелерінің бірі — Шаңырақ күні.

Бүгін Наурызнама онкүндігінің ең жылы әрі қасиетті мерекелерінің бірі — Шаңырақ күні.

Шаңырақ — бұл тек киіз үйдің төбесі емес, бұл отбасының берекесі мен мемлекеттің бірлігін білдіретін қасиетті символ. Қазақ халқы үшін шаңырақ — ұрпақтар сабақтастығының алтын діңгегі. Оның биік, босағаның берік болуы — әрбір шаңырақтың басты тілегі. ☀️

Бұл күннің мәні неде?
Отбасы құндылығы: Бұл күні жақындарыңызға көңіл бөліп, ата-анаға құрмет көрсетудің маңызы зор.

Тәрбие мен тағылым: Өскелең ұрпаққа әулеттің тарихы мен салт-дәстүрін айтып, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» қағидасын ұлықтау.

Бірлік пен татулық: Шаңырақ — ортақ үйіміз. Еліміздің тыныштығы мен ынтымағы осы шаңырақтардың бүтіндігінен басталады.

Әрбір үйдің шаңырағы биік, керегесі кең, босағасы берік болсын! Шаңырақтарыңыздан тек күлкі мен шаттық естілсін! 🏠✨

Бірлігіміз жарасқан, шаңырағымыз биік болсын!