«Балалар кітапханасы» жобасы аясында студенттер арасында оқуға деген қызығушылықты арттыру және әдебиетке деген сүйіспеншілікті дамыту мақсатында тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында студенттер арасында оқуға деген қызығушылықты арттыру және әдебиетке деген сүйіспеншілікті дамыту мақсатында тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде балалар мен жасөспірімдерге арналған классикалық әдебиеттерден бастап, заманауи өзекті тақырыптар мен құндылықтарды қамтитын түрлі шығармалар ұсынылды.

Әрбір студент ұсынылған материалдармен еркін танысып, өзіне қызықты кітаптарды таңдап, көркем әдебиет әлеміне бойлай алды. Шығармалар студенттердің қызығушылықтары мен жас ерекшеліктерін ескере отырып іріктеліп, олардың оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

«Балалар кітапханасы» жобасы оқуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастырып, қазіргі студент өміріндегі кітаптың маңыздылығын айқындайды.

Колледжде эко-челлендж өтті, оған студенттер шығармашылық пен экологияға қамқорлық танытты.

Колледжде эко-челлендж өтті, оған студенттер шығармашылық пен экологияға қамқорлық танытты.

Олар пластикалық қақпақтарды қолөнер бұйымдарын жасауға пайдаланып, қарапайым қалдықтарды пайдалы әрі әдемі заттарға айналдырды. Мұндай бастама қоқыс көлемін азайтуға көмектесіп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйретеді. Студенттер ерекше бұйымдар жасап, шығармашылық пен экология қатар жүре алатынын көрсетті.

Тазалық — саулық негізі: КӘТК-де Тазару күні!

Тазалық — саулық негізі: КӘТК-де Тазару күні!

Наурыз мейрамының қарсаңында, 23 наурыз — Тазару күніне орай Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері игі іске білек сыбана кірісті! 🧹🌱

Жаңа жылды тазалықпен қарсы алу — ата-бабамыздан қалған жақсы дәстүр. Біздің белсенді студенттеріміз колледж аумағын абаттандыру және тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл шара тек айналаны ретке келтіру ғана емес, сонымен қатар туған жерге деген сүйіспеншілік пен экологиялық мәдениеттің көрінісі.

Құрметті достар!
Баршаңызды тазалық пен жаңару мерекесімен құттықтаймыз! Айналамыз таза, ниетіміз ақ болсын. Әз-Наурыз әр шаңыраққа құт-береке әкелсін!

КӘТК-де Әз-Наурыз: Жаңа жыл — жаңа белес!22 наурыз — жыл басы, күн мен түннің теңелер шағы! Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен атап өтілді. 🌷

КӘТК-де Әз-Наурыз: Жаңа жыл — жаңа белес!22 наурыз — жыл басы, күн мен түннің теңелер шағы! Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен атап өтілді. 🌷

Колледжіміздің студенттері мен оқытушылары үшін ұйымдастырылған мерекелік іс-шара нағыз думанға ұласты. Ән айтылып, күй күмбірледі, ұлттық дәстүрлеріміз жаңғырып, ортақ шаңырағымыз бірлік пен берекеге толды.

Қымбатты студенттер мен ұстаздар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз әр шаңыраққа ырыс, ынтымақ және молшылық әкелсін. Оқуда озат, еңбекте табысты болыңыздар! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болсын!

КСТК-да Ынтымақ күні мен Наурыз мейрамы!Бүгін Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде ерекше таң! 21 наурыз — Ынтымақ күніне орай біздің оқытушылар құрамы студенттерді нағыз қазақы қонақжайлылықпен қарсы алды.

Бүгін бізде:

«Бауырсақ-пати»: Таңертең колледж табалдырығын аттаған әрбір студентті ыстық бауырсақтармен қарсы алдық.

Дәмді сый: Студенттер наурыз көже мен салқын айраннан дәм татып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.

Мерекелік бағдарлама: Дәмді ас ішілген соң, студенттеріміз үшін арнайы дайындалған салтанатты іс-шара өтті.

Бірлік пен береке салтанат құрған күн құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы әр шаңыраққа бақ-береке әкелсін! 🌷