«Бата беру» салт-дәстүрі

«Бата беру» салт-дәстүрі

Қазақ халқының рухани мәдениетінде ерекше орын алатын дәстүр – бата беру.

Наурыз мерекесі аясында 16 наурыз – Дәстүр күніне орай әлеуметтік-техникалық колледж студенттері осы салтты сахналық көрініс арқылы көрсетті. Студенттер ұлттық құндылықтарды дәріптеп, дәстүрдің тәрбиелік мәнін жеткізе білді.

Сау тістер — әдемі күлкі кепілі! 🦷✨

Сау тістер — әдемі күлкі кепілі! 🦷✨

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері Дүниежүзілік ауыз қуысы денсаулығы күніне орай ұйымдастырылған челленджге белсенді қатысты!

Колледжіміздің медицина қызметкері білім алушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, маңызды кеңестермен бөлісті:
✅ Ауыз қуысы гигиенасын қалай дұрыс сақтау керек?
✅ Тіс пастасы мен щетканы қалай таңдаймыз?
✅ Неліктен уақтылы тексерілу маңызды?

Біздің студенттер — тек білімді ғана емес, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын жастар! Сау болыңыздар және күлімсіреуді ұмытпаңыздар! 😊

#ҚӘТК #СауКүлкі #Денсаулық #Қостанай #Студенттер #Гигиена

Таза аула — қауіпсіздік кепілі: ҚӘТК студенттері қар тазалау жұмыстарына шықтыҚостанайда аумақты абаттандыру жұмыстары белсенді жалғасуда. Осы орайда Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің (ҚӘТК) ұжымы мен студенттері де шет қалған жоқ. Осы аптада оқу орнының ауласында қар мен мұздан тазарту бойынша ауқымды іс-шара өтті.

Таза аула — қауіпсіздік кепілі: ҚӘТК студенттері қар тазалау жұмыстарына шықты
Қостанайда аумақты абаттандыру жұмыстары белсенді жалғасуда. Осы орайда Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің (ҚӘТК) ұжымы мен студенттері де шет қалған жоқ. Осы аптада оқу орнының ауласында қар мен мұздан тазарту бойынша ауқымды іс-шара өтті.

Жұмыс барысында арнайы техника жұмылдырылып, негізгі кірме жолдар мен тұрақ аймақтары жедел тазартылды. Колледж студенттері де ерекше белсенділік танытты: қажетті құрал-сайманмен қаруланған жастар тротуарлар мен кіреберіс жолдарды қардан арылтты.

Мұндай шаралар тек қауіпсіздік пен жайлы қозғалысты қамтамасыз етіп қана қоймай, жастардың ұйымшылдығы мен еңбексүйгіштігін арттырады. Колледж әкімшілігі туған оқу орнына жанашырлық танытып, жұмысқа атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреді!

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің ұстаздар қауымы 5 жасар Эльдар Алтаевқа қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясына қатысты.

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің ұстаздар қауымы 5 жасар Эльдар Алтаевқа қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясына қатысты.

Эльдардың тағдыры — нағыз күрес жолы. Сокол ауылында тұратын кішкентай кейіпкеріміз БЦП және ретинопатия диагноздарымен арпалысып келеді. Оның ата-анасы үшін көру қабілетін сақтап қалу — бүгінгі күннің басты міндеті. Сондықтан Эльдарды Санкт-Петербург клиникасында кезекті ота күтіп тұр.

Біздің ұжым осы игі іске өз үлесін қосып, баланың болашағына бей-жай қарамады. Бірлесе көтерген жүк жеңіл. Біз Эльдардың әлемді өз көзімен көретін күніне сенеміз!

Алғыс айту күні мен Қайырымдылық күні аясында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Алғыс айту күні мен Қайырымдылық күні аясында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Студенттер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап кітаптар, ойыншықтар және қажетті заттарды жинады. Сонымен қатар балаларды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, оларға жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Осындай игі бастамалар жастарды мейірімділікке, жанашырлыққа және көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге тәрбиелейді. Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келеді!