Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесу өтті.

Сәу 17, 2026

Іс-шара студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

Кездесу барысында мамандар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен салдары, жауапкершілік шаралары, сондай-ақ әрбір азаматтың адал және әділ қоғам қалыптастырудағы рөлі туралы айтып өтті. Тәжірибеден мысалдар келтіріліп, жемқорлық жағдайларына қарсы тұру бойынша ұсыныстар берілді.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Кездесу жастар арасында адалдық, жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаларын нығайтуға ықпал етті.