ҚСТК-да Мемлекеттік рәміздер күні!

ҚСТК-да Мемлекеттік рәміздер күні!

Бүгін, 4 маусым күні Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде салтанатты жиын өтті.

Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізумен және студенттер мен оқытушылардың Әнұранды бірге, асқақтата шырқауымен басталды.

Бұл күн бізге патриотизмнің, бірліктің және Тәуелсіздігіміздің басты рәміздеріне деген құрметтің маңыздылығын еске салады. Мереке құтты болсын! 💙💛

 

#РәміздерРухы #КонституцияныңКүші #РәмізгеҚұрмет.

«Елдің тарихы – елдіктің нышаны»

«Елдің тарихы – елдіктің нышаны»

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің кітапхана оқу залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған маңызды іс-шара өтті.

Іс-шара барысында «Елдің тарихы – елдіктің нышаны» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстанның Мемлекеттік туы, Елтаңбасы мен Әнұранының тарихы, олардың авторларының өмірбаяны мен портреттері қойылды.

Көрмені аралап шыққан студенттер танымдық викторинаға қатысты. Сұрақтар мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, авторлары және маңызы төңірегінде болды. Викторина студенттердің мемлекеттік рәміздер мен олардың авторларының тарихын жақсы білетінін көрсетті.

Іс-шара соңында студенттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын бірге орындады. Мұндай іс-шаралар жастардың патриоттық сезімін тәрбиелеуге, өз елінің тарихы мен мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға зор ықпал етеді.

#РәміздерРухы #КонституцияныңКүші #РәмізгеҚұрмет

Колледжде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заңды білесің бе?» атты викторина өтті.

Колледжде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заңды білесің бе?» атты викторина өтті.

Қатысушылар азаматтардың құқықтары мен міндеттері, әкімшілік жауапкершілік және қоғамдағы тәртіп нормаларына байланысты сұрақтарға жауап берді. Іс-шара танымдық деңгейде өтіп, жастардың құқықтық мәдениетін дамытуға ықпал етті.

29 мамырда Лисаковск қаласында жауынгерлік самбодан республикалық турнир өтті.

29 мамырда Лисаковск қаласында жауынгерлік самбодан республикалық турнир өтті.

Жарыста жоғары шеберлік танытқан «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 3-курс студенті Жаслан Мағзұмов жүлделі ІІ орынды иеленді.
Финалға барар жолда Жаслан төрт тартысты кездесу өткізді:
Алғашқы жекпе-жекте Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) спортшысын сенімді түрде жеңді.
Екінші кездесуде Маңғыстау облысынан келген мықты қарсыласынан басым түсті.
Жартылай финалдық бәсекеде Ұлытау облысының балуанынан айласын асырды.
Алтын жүлде үшін өткен шешуші төртінші кезеңде Жаслан Қостанай спортшысына есе жіберіп, тұғырдың екінші сатысына көтерілді.
Жасланды лайықты күміс жүлдесімен құттықтаймыз!

Костанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Жас педагог мектебінің» қорытынды отырысы өтті.

Костанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Жас педагог мектебінің» қорытынды отырысы өтті.

ЖПМ шеңберінде тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен жас мамандар бейімделуден сәтті өтті, ТжКБ жүйесінде оқытудың заманауи цифрлық құралдары мен әдістемесін меңгерді. Жас педагогтар ұжымға сәтті қосылды, ҚР нормаларына сәйкес «тәлімгер – жас маман» моделі іске асырылды. Педагогтар ұжымның өміріне белсенді қатысты: конкурстарға, конференцияларға қатысты, оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, ашық сабақтар өткізді, магистратурада оқиды және өз топтарында топ кураторлары ретінде табысты жұмыс істейді.