«Елдің тарихы – елдіктің нышаны»

Мау 4, 2026

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің кітапхана оқу залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған маңызды іс-шара өтті.

Іс-шара барысында «Елдің тарихы – елдіктің нышаны» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстанның Мемлекеттік туы, Елтаңбасы мен Әнұранының тарихы, олардың авторларының өмірбаяны мен портреттері қойылды.

Көрмені аралап шыққан студенттер танымдық викторинаға қатысты. Сұрақтар мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, авторлары және маңызы төңірегінде болды. Викторина студенттердің мемлекеттік рәміздер мен олардың авторларының тарихын жақсы білетінін көрсетті.

Іс-шара соңында студенттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын бірге орындады. Мұндай іс-шаралар жастардың патриоттық сезімін тәрбиелеуге, өз елінің тарихы мен мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға зор ықпал етеді.

#РәміздерРухы #КонституцияныңКүші #РәмізгеҚұрмет