17 сәуірде Костанай әлеуметтік-техникалық колледжінің оқу залында Ұлттық кітап күніне орай «Білім көзі — кітапта!» атты ақпараттық дайджест өткіздік!
Іс-шараны Киевский филиалы кітапханасының қызметкері Жүнісов Асқар Қаналбекұлымен бірлесіп ұйымдастырдық.
Студенттеріміз тек мерекенің тарихымен ғана танысып қоймай, кітаптың пайда болу тарихынан да мол мағлұмат алды: алғашқы жартастағы суреттер мен тастағы жазулардан бастап, ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктеріне дейін.
Ерекше назар оқудың пайдасына аударылды. Кітап – білімнің шексіз көзі екенін тағы бір мәрте еске салдық!
Оқуға уақыт бөліңіздер, кітап оқыңыздар! 📖✨
