

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің оқытушылары ұлттық киім челленджін қолдады. Олар ұлттық дәстүрге деген құрметті көрсетіп, мәдени мұраны сақтау мен оны жас ұрпаққа жеткізудің маңызын насихаттады.


Бүгін Наурызнама онкүндігінің ең жылы әрі қасиетті мерекелерінің бірі — Шаңырақ күні.
Шаңырақ — бұл тек киіз үйдің төбесі емес, бұл отбасының берекесі мен мемлекеттің бірлігін білдіретін қасиетті символ. Қазақ халқы үшін шаңырақ — ұрпақтар сабақтастығының алтын діңгегі. Оның биік, босағаның берік болуы — әрбір шаңырақтың басты тілегі. ☀️
Бұл күннің мәні неде?
Отбасы құндылығы: Бұл күні жақындарыңызға көңіл бөліп, ата-анаға құрмет көрсетудің маңызы зор.
Тәрбие мен тағылым: Өскелең ұрпаққа әулеттің тарихы мен салт-дәстүрін айтып, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» қағидасын ұлықтау.
Бірлік пен татулық: Шаңырақ — ортақ үйіміз. Еліміздің тыныштығы мен ынтымағы осы шаңырақтардың бүтіндігінен басталады.
Әрбір үйдің шаңырағы биік, керегесі кең, босағасы берік болсын! Шаңырақтарыңыздан тек күлкі мен шаттық естілсін! 🏠✨
Бірлігіміз жарасқан, шаңырағымыз биік болсын!


«Бата беру» салт-дәстүрі


Сау тістер — әдемі күлкі кепілі! 🦷✨
Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері Дүниежүзілік ауыз қуысы денсаулығы күніне орай ұйымдастырылған челленджге белсенді қатысты!
Колледжіміздің медицина қызметкері білім алушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, маңызды кеңестермен бөлісті:
✅ Ауыз қуысы гигиенасын қалай дұрыс сақтау керек?
✅ Тіс пастасы мен щетканы қалай таңдаймыз?
✅ Неліктен уақтылы тексерілу маңызды?
Біздің студенттер — тек білімді ғана емес, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын жастар! Сау болыңыздар және күлімсіреуді ұмытпаңыздар! 😊
#ҚӘТК #СауКүлкі #Денсаулық #Қостанай #Студенттер #Гигиена


Таза аула — қауіпсіздік кепілі: ҚӘТК студенттері қар тазалау жұмыстарына шықты
Қостанайда аумақты абаттандыру жұмыстары белсенді жалғасуда. Осы орайда Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің (ҚӘТК) ұжымы мен студенттері де шет қалған жоқ. Осы аптада оқу орнының ауласында қар мен мұздан тазарту бойынша ауқымды іс-шара өтті.
Жұмыс барысында арнайы техника жұмылдырылып, негізгі кірме жолдар мен тұрақ аймақтары жедел тазартылды. Колледж студенттері де ерекше белсенділік танытты: қажетті құрал-сайманмен қаруланған жастар тротуарлар мен кіреберіс жолдарды қардан арылтты.
Мұндай шаралар тек қауіпсіздік пен жайлы қозғалысты қамтамасыз етіп қана қоймай, жастардың ұйымшылдығы мен еңбексүйгіштігін арттырады. Колледж әкімшілігі туған оқу орнына жанашырлық танытып, жұмысқа атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреді!







