«Сыбайлас жемқорлық сенімді бұзады, ал адалдық болашақты қалыптастырады.»
Физика және химия пәндері бойынша өткен зияткерлік сайысқа Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің 103 бірінші курс студенті қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің білім алушыларымыз келесі жүлделі орындарды иеленді:
Химия бойынша
Физика бойынша
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, жүлдегерлер «Қостанай дарыны» ӨОӘО-ның дипломдарымен марапатталды. Студенттерімізді мақтан тұтамыз және білім алушыларды жоғары деңгейде дайындағаны үшін оқытушылар Сыздықова Бақыт Сапарбековна мен Махмутова Жұлдызай Сағындықовнаға үлкен алғыс білдіреміз!
Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде (ҚСТК) студенттердің құқықтық сауаттылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында арнайы бейнеролик көрсетілді.
Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы дайындаған бұл материал жалған терроризмнің салдары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған.
📺 Бейнеролик колледж фойесіндегі мониторларда және ресми ақпараттық стендтерде көрсетілуде.
Есіңізде болсын: терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау — қалжың емес, бұл қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын ауыр қылмыс! Қоғам қауіпсіздігі әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты.
#ҚСТК #Қостанай #Қауіпсіздік #БілімБеруҰйымдары #ЖалғанТерроризмніңАлдынАлу #ҚСТКстуденттері
Бүгін, 4 маусым күні Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде салтанатты жиын өтті.
Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізумен және студенттер мен оқытушылардың Әнұранды бірге, асқақтата шырқауымен басталды.
Бұл күн бізге патриотизмнің, бірліктің және Тәуелсіздігіміздің басты рәміздеріне деген құрметтің маңыздылығын еске салады. Мереке құтты болсын! 💙💛
#РәміздерРухы #КонституцияныңКүші #РәмізгеҚұрмет.
Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің кітапхана оқу залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған маңызды іс-шара өтті.
Іс-шара барысында «Елдің тарихы – елдіктің нышаны» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстанның Мемлекеттік туы, Елтаңбасы мен Әнұранының тарихы, олардың авторларының өмірбаяны мен портреттері қойылды.
Көрмені аралап шыққан студенттер танымдық викторинаға қатысты. Сұрақтар мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, авторлары және маңызы төңірегінде болды. Викторина студенттердің мемлекеттік рәміздер мен олардың авторларының тарихын жақсы білетінін көрсетті.
Іс-шара соңында студенттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын бірге орындады. Мұндай іс-шаралар жастардың патриоттық сезімін тәрбиелеуге, өз елінің тарихы мен мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға зор ықпал етеді.
#РәміздерРухы #КонституцияныңКүші #РәмізгеҚұрмет