« Абай – ұлт мақтанышы»  кітап көрмесі

« Абай – ұлт мақтанышы»  кітап көрмесі

Ұлы ақын, философ әрі ағартушы Абай Құнанбайұлы халқымыздың тарихы мен мәдениетінде өшпес із қалдырды. Оның рухани мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан білімнің, адамгершілік пен ұлттық мақтаныштың сарқылмас көзі. Осы айтулы датаға орай Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің кітапханасында « Абай – ұлт мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Экспозицияда ойшылдың өз шығармаларымен қатар, оның өміріне, философиясына және музыкалық мұрасына арналған танымал зерттеушілердің еңбектері ұсынылған.

  • Абай шығармалары: философско-прозалық еңбегі «Қара сөздер», «Ескендір» поэмасы.
  • Зерттеулер мен афоризмдер: «Абай афоризмі» (Құлмат Өмірәлиев), «Абайтану» (Досым Омаров).
  • Музыкалық және поэтикалық мұра: «Жүрегім, нені сезесің» – Абай өлеңдеріне жазылған романстар» (Дәулеткұл Мүсіров), «Абай әндері» (Бисенғали Ғизатов). Барлық студенттер мен оқытушыларды ұлы классиктің мәңгілік асыл сөзімен сусындау үшін көрмені тамашалауға шақырамыз!
«Жастар есірткіге қарсы» акциясы аясында балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерінде есірткінің зияны мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған танымдық іс-шара өткізілді.

«Жастар есірткіге қарсы» акциясы аясында балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерінде есірткінің зияны мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған танымдық іс-шара өткізілді.

Балалар зиянды әдеттердің салдары туралы ақпарат алып, қызықты викториналар мен ойындарға қатысты. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және есірткіге қарсы берік ұстаным қалыптастыру.

Колледжде «Адалдық — жарқын болашақтың негізі» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шара студенттер арасында адалдық, жауапкершілік және айналасындағыларға деген шынайы қарым-қатынас құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды.

Кездесу барысында білім алушылар адалдықтың күнделікті өмірдегі, білім алудағы және болашақ кәсіби қызметтегі маңыздылығын талқылады. Сондай-ақ әділдік, сенім және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастың қоғамның дамуы үшін маңыздылығы айтылды.

Осындай іс-шаралар жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.