Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде (ҚСТК) студенттердің құқықтық сауаттылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында арнайы бейнеролик көрсетілді.
Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы дайындаған бұл материал жалған терроризмнің салдары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған.
📺 Бейнеролик колледж фойесіндегі мониторларда және ресми ақпараттық стендтерде көрсетілуде.
Есіңізде болсын: терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау — қалжың емес, бұл қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын ауыр қылмыс! Қоғам қауіпсіздігі әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты.
#ҚСТК #Қостанай #Қауіпсіздік #БілімБеруҰйымдары #ЖалғанТерроризмніңАлдынАлу #ҚСТКстуденттері