Халықаралық байқау жеңімпаздары!

Халықаралық байқау жеңімпаздары!

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері «Менің мамандағым. Өндірістегі менің тәжірибем» атты Халықаралық байқауда үздік нәтиже көрсетті. Біздің студенттер өз кәсібінің нағыз шеберлері екенін дәлелдеді!.
Жеңімпаздарымыз:
1 ОРЫН: Қарамесов Қанат (ПО, 4 курс, жетекшісі Қожабаева Г.М.),
2 ОРЫН: Қази Жанболат (ПО, 3 курс, жетекшісі Жулдубаев Р.Б.) және Тигай Андрей (ПО, 4 курс, жетекшісі Кожабаева Г.М.).
3 ОРЫН: Косьмин Максим (ДТжС- 04, 4 курс, жетекшісі Рябова И.А.)
Құттықтаймыз! / Поздравляем!

«2025 жылы оқыған кітаптарым» эссе конкурсының қорытындысы2026 жылдың 2 ақпанында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің кітапхана оқу залында «2025 жылы оқыған кітаптарым» атты эссе жазу конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері салтанатты түрде марапатталды:

1 орын-Ермекова Аружан — 1-курс студенті, «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы және Позднякова Полина — 3-курс студенті, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы;2 орын-Тулендыева Аида — 1-курс студенті, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы,Зиятдинова Элина — 1-курс студенті, «Аударма ісі» мамандығы, Соболев Кирилл — 1-курс студенті, «Бағдарламалық қамтамасыз ету»» мамандығы ; 3 орын-Черниговцева Ника — 1-курс студенті, «Менеджмент» мамандығы, Ахкобекова Аля — 1-курс студенті, «Менеджмент» мамандығы. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушыларына және кураторларға зор алғыс: Борискина В.П., Измагилова С.С., Абишева А.И.!

Біздің оқытушыларымыздың табысы! 🏆Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің оқытушылары «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі инновациялар: міндеттер мен перспективалар» тақырыбында өткен Халықаралық педагогикалық оқуларда өз тәжірибелерін сәтті танытты.

Оқулар КҚКП «Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжі» базасында өткізілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша оқытушылар келесі жетістіктерге қол жеткізді:
• Қамбаров Рашид Мағауияевич «Білім беруді сандықтандыру жағдайында жасанды интеллект пен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды біріктіру» бағытында II орынды иеленді;
• Жұлдыбаев Рахат Бауыржанұлы «Кәсіби құзыреттілікті дамыту құралы ретіндегі оқытудың технологиялық инновациялары» бағытында III орынды иеленді;
• Назарова Айгүл Әйдерқанқызы Халықаралық сертификатқа ие болды.

2026 жылғы  30 қаңтарда  педагог  Жусупов  Е.Б. ДТжС-02В тобында  «Дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру» пәні бойынша «Футбол ойынының негізгі ережелері мен қауіпсіздік техникасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға футбол ойынының негізгі ережелерін, ойын барысындағы қауіпсіздік талаптарын теориялық тұрғыда меңгерту, спорттық мәдениетті қалыптастыру.
Білім алушылар белсенділік танытып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін көрсетті.

Заң және Тәртіп: Болашақ таңдау өз қолыңда! ⚖️

Заң және Тәртіп: Болашақ таңдау өз қолыңда! ⚖️

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері үшін «Заң және Тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында ерекше форматтағы кездесу өтті. ҚР ІІМ ҚАЖК «№38 мекеме» РММ тәрбие және сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің (ТСӘПЖБ) бастығы Дархан Қозыбайұлы Бекдауытовтың қолдауымен сотталғандармен «телемөңір» ұйымдастырылды.

⚠️ Басты мақсат — жастар арасындағы қылмыстың алдын алу және бір сәттік қателіктің өміріңізді қалай өзгертетінін ашық көрсету.

Студенттер заң бұзушылықтың ауыр салдары туралы тікелей естіді: 🔹 Дропперлік және алаяқтық: тез ақша табудың соңы темір торға апаруы мүмкін. 🔹 Есірткі саудасы: жасөспірімдердің ең үлкен қателігі және оның ұзақ мерзімді жазасы. 🔹 Бұзақылық: әдепсіз мінез-құлықтың құны тым жоғары.

Бұл кездесу жастарға ой салып, әрбір іс-әрекет үшін жауапкершілік бар екенін түсіндіруге бағытталған. Заңды білу — өзіңді қорғау!

#ЗаңЖәнеТәртіп #Қостанай #ЖастарСаясаты #ҚылмыстыңАлдынАлу #ҚАЖК #ҚСТК