Көрсетілімнен кейін студенттер арасында талқылау ұйымдастырылды. Талқылау барысында ұсынылған өмірлік жағдайлар сараланып, зорлық-зомбылық, психологиялық қысым көрсету, мәжбүрлеу және сталкинг мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Студенттер белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, мұндай жағдайлардың алдын алу жолдарын ұсынды. Іс-шара аясында жеке шекара, сыйластыққа негізделген қарым-қатынас және өз әрекеттері үшін жауапкершілік ұғымдары түсіндірілді. Фильм көрсетілімі жастар арасында өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға, эмпатияны дамытуға және құқықтық әрі психологиялық сауаттылықты арттыруға ықпал етті.