Колледжде құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер өтті.

Сәу 17, 2026

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Құқық қорғау органдарының өкілдері сыбайлас жемқорлықтың зияны, оның қоғам мен мемлекет дамуына кері әсері туралы айтып өтті. Сондай-ақ нақты құқық бұзушылық мысалдары келтіріліп, сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Заңды сақтау, адалдық пен әр азаматтың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Іс-шара адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаларын нығайтуға ықпал етті.

#АдалҰрпақ