2026 жылғы 25 ақпанда біздің колледждің оқушылары – Холод Татьяна, Урсул Рамина, Тигай Андрей, Стригинова Елизавета және Шениязов Артем «ЖАС ҒАЛЫМ-2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына белсенді қатысты.

Ақп 27, 2026

Ұстаздар Кузнецова Наталья Ивановна, Қожабаева Гүлнара Маликовна және Федосеенко Евгений Владимировичтің ғылыми жетекшілігімен білім алушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын лайықты түрде таныстырып, жоғары дайындық деңгейін, кәсіби шеберлігін және жобалардың қорғалуына сенімділігін көрсетті.

Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша біздің білім алушылар білімінің, зерттеу дағдыларының жоғары деңгейін және ғылыми дамуға ұмтылысын растай отырып, I және II дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Конференцияны Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Әдістемелік орталық» КММ қолдауымен «ҚИнЭУ Жоғары кәсіпкерлік колледжі» ЖМ ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың зерттеу әлеуетін дамыту және студенттер арасында ғылымды дәріптеу.

Одан әрі ғылыми табыстар, жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктер тілейміз.