Джс-03г тобының студенті Серікпай Арсланды шын жүректен құттықтаймыз

Джс-03г тобының студенті Серікпай Арсланды шын жүректен құттықтаймыз

Алматы қаласында өткен кудодан Қазақстан Чемпионатында ДТжС-03г тобының студенті Серкпай Арслан жүлделі ІІІ орынға ие болды! Шын жүректен құттықтаймыз!!! Алда тек биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!

Gamma MMA бойынша Қазақстан Республикасының чемпионат

Gamma MMA бойынша Қазақстан Республикасының чемпионат

1-5 мамыр аралығында Алматы қаласында Gamma MMA бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. «Дене тәрбиесі және спорт»-12б тобының студенті Қуанышбай Нұрдәулет осы беделді жарыста біздің колледждің намысын абыроймен қорғады.
Нұрдәулет бірінші жекпе-жегінде Қызылордалық қарсыласын сенімді түрде жеңді. Екінші кездесуде ол өзінің шеберлігін көрсетіп, Алматылық спортшыны да тізе бүктірді. Үшінші шиеленісті жекпе-жекте Нұрдәулет қарағандылық қарсыласына есе жіберді, бірақ оған қарамастан Қазақстан Республикасы чемпионатында 3-ші жүлделі орынды иеленді!
Нұрдәулетті осы маңызды жетістігімен құттықтаймыз және оған спорттағы одан әрі табыстар тілейміз!

Қазақстан Республикасы колледждерінің алғашқы республикалық Спартакиадасы — Түркістан 2025

Қазақстан Республикасы колледждерінің алғашқы республикалық Спартакиадасы — Түркістан 2025

15–19 сәуір аралығында көне де қонақжай Түркістан қаласында еліміздің колледждері арасындағы алғашқы республикалық Спартакиада өтуде!
Бұл — еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең үздік командаларды біріктірген күш-жігер мен бірліктің шынайы мерекесі.

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің командасы Спартакиаданың мини-футбол жарысына қатысып, облыстық кезеңде 1 орынды иеленіп, намысты қолдан бермей, өңір атынан лайықты түрде қатысып жатыр!

15 сәуір күні біздің студенттер Маңғыстау командасын 2:0 есебімен жеңіп, өз шеберліктерін жарқын дәлелдеді!
Бұл жеңіс — еңбектің, мақсатқа ұмтылудың және нағыз командалық рухтың жемісі

Команданың дайындалуына жан-жақты қолдау көрсеткен Қостанай әлеуметтік-техникалық университетіне және ректоры Абдуллин Р.Б.-ға айрықша алғысымызды білдіреміз!

Бұл жетістік жаңа белестерге жол ашып, студенттерге шабыт сыйлап, колледжіміздің мерейін арттыра берсін!
Алға, Қостанай! Жаңа жеңістерге жол ашық болсын!

Қазақстан колледждері арасындағы Спартакиада!

Қазақстан колледждері арасындағы Спартакиада!

15 сәуірде Түркістан қаласында Қазақстан колледждері арасында спартакиада өтті!
«Дене шынықтыру және спорт» бөлімінің студенттері шағын футбол жарыстарына қатысып, Маңғыстау командасын 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді!
Қарсыластың қақпасына гол соққандар:
Шабанов Артем – 1 курс студенті,
Сәдуақас Әділжан – 3 курс студенті.
Спортшыларымызды керемет нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да табыстар тілейміз!

Облыс колледждерінің студенттері арасында волейболдан ашық турнир

Облыс колледждерінің студенттері арасында волейболдан ашық турнир

2025 жылғы 7–10 сәуір аралығында Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында облыс колледждерінің студенттері арасында волейболдан ашық турнир өтті.

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің  командасы өз оқу орнын лайықты таныстырып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

  • Турнирдің бірінші күні ҚӘТК командасы №15 мектеп пен Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрамаларын сенімді түрде жеңді.
  • Екінші күні №31 мектеп командасынан басым түсті.
  • Үшінші күні Қызмет көрсету саласы колледжі командасынан жеңіске жетті.
  • Турнирдің соңғы кездесуінде ҚӘТК командасы жанкешті қарсыласуға қарамастан, Индустриялық-педагогикалық колледж командасына есе жіберді.

Бұл турнир қатысушылар үшін спорттық рухты, командамен жұмыс істеу қабілетін және жеңіске деген жігерді көрсетуге тамаша мүмкіндік болды. Біздің студенттерімізді сәтті өнер көрсетулерімен

Наурыз мерекесіне арналған бірегей челлендждің басталуы!

Наурыз мерекесіне арналған бірегей челлендждің басталуы!

Күн мен түннің теңелу мезгілімен келген, Жаңару мен жаңғыруды бейнелейтін көктемгі күнінде “Дене тәрбиесі және спорт” бөлімінің II курс жігіттері Наурыз мейрамына арналған челлендждің басталуын хабарлайды! Спорт, салт-дәстүр мен өнер қостасқан
Біздің бастаманы қостауларыңызды сұраймыз!