ҚР Білім Министрінің еліміздің жас азаматтарына үндеуі

ҚР Білім Министрінің еліміздің жас азаматтарына үндеуі

Бала үні – болашақтың үні

Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Қазақстан балалары» онкүндігін өткізуде. Әр күн баланың құқығын, қауіпсіздігін, білім мен тәрбие алуын, денсаулығын және дамуын арқау еткен тақырыптық бағыттарға арналды.

Бүгінгі күнді біз «Балалар үні» деп жариялап, әр баланың үніне, арман-мақсатына құлақ түрдік.

Баланы әрбір ата-ана, әрбір ұстаз, әрбір азамат естуі тиіс. Оған шынайы көңіл бөліп, жеке тұлға ретінде қабылдау – саналы ұрпақ тәрбиелеудің бастауы. Балаларымыздың арманы биік болса, болашақта еліміздің де еңсесі биік болары хақ.

Олардың әр тілегінде үміт, әр сөзінде сенім бар. Оны есту – біздің азаматтық әрі адами парызымыз.

Гани Бейсембаев – ҚР Оқу-ағарту министрі 

@gani.beisembayev, @oqu_agartu_ministrligi

Есболат Шерханды жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтаймыз!

Есболат Шерханды жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтаймыз!

«Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің ДТжС-02 тобының студенті Есболат Шерхан 21–25 мамыр аралығында Үндістанның Дели қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тамаша жеңіске жетті.

Шерхан өз шеберлігін бұрыннан дәлелдеген дарынды спортшы. Ол қазақша күрестен Қазақстан чемпионаттарының жүлдегері, сондай-ақ ұлттық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы болып табылады. Бұл жетістіктері оның жоғары деңгейдегі спорттық шеберлігін, ерік-жігерін және ұлттық спорт түріне деген адалдығын айғақтайды.

Біз студентіміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және Шерханға халықаралық ареналарда әлі де көптеген жеңістер тілейміз!

INSTAGRAM

Кикбоксингтен Әлем Кубогына қатысу

Кикбоксингтен Әлем Кубогына қатысу

«Дене шынықтыру және спорт» бөлімінің 4 курс студенті Рамазанов Алдияр ересектер арасындағы кикбоксингтен Әлем кубогына қатысты. Бұл жарыс 14–25 мамыр аралығында Түркияның Анталья қаласында өтті.

Алғашқы жекпе-жекте Алдияр Түркия спортшысынан басым түсіп, айқын жеңіске жетті. Екінші кездесуде Норвегиядан келген қарсыласына лайықты қарсылық көрсеткенімен, жеңісті қолдан шығарып алды.

Мұндай деңгейдегі халықаралық жарыстарға қатысу — спортшының кәсіби жолындағы маңызды кезеңдердің бірі әрі жоғары дайындық деңгейінің айғағы.
Алдиярды сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!

Сурет салу, аппликациялау, модельдеу және жобалау бойынша біріктірілген ұйымдастырылған іс-шаралар

Сурет салу, аппликациялау, модельдеу және жобалау бойынша біріктірілген ұйымдастырылған іс-шаралар

ДВиО-02 тобында сурет салу, жапсыру, мүсіндеу және құрастыру пәндері бойынша біріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеті өткізілді.
Мақсаты- ұйымдастырылған іс-шаралар барысында білім беру технологияларын қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Бейне: INSTAGRAM

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған айтулы шара өтті. Студенттердің деструктивті идеологияларға деген күшті иммунитетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-ағарту жұмысының аясында Екатерина Петровна Белашова баяндама жасаған дәріс өткізілді. Радикалды идеялардың таралуына байланысты жаһандық сын-қатерлер мен қауіп-қатерлер жағдайында жастар арасында тәрбиелік іс-шаралардың маңызы ерекше. Дүниетанымының белсенді қалыптасу кезеңінде тұрған студенттер деструктивті әсерге ұшырауы мүмкін осал топтардың бірі болып табылады. Сондықтан экстремизмнің алдын алуда оқу орындары басты рөл атқарады. Мұндай кездесулер елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде, жастарды деструктивті идеологияларға қарсы тұру және сенімді болашақ құру үшін қажетті білім мен дағдылармен қаруландыруда шешуші рөл атқарады.

INSTAGRAM