Білім беру үдерісінде отбасылық құндылықтарды нығайту

Білім беру үдерісінде отбасылық құндылықтарды нығайту

Отбасы күні аясында педагогикалық ұжым үшін «Білім беру үдерісінде отбасылық құндылықтарды нығайту» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында отбасы мен колледждің өзара әрекеттесуінің негізгі бағыттары, білім алушыларда ата-анаға, дәстүрге және мәдени мұраға құрметпен қарау мәселелері қарастырылды.
Педагогтің отбасы мен білім беру ортасының байланысын нығайтудағы, жастардың рухани-адамгершілік бағдарларын, жауапкершілігін және отбасылық дәстүрлерге құрметін қалыптастырудағы рөліне ерекше көңіл бөлінді.
Кездесу материалдары педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және жастарды тәрбиелеу мен дамыту ісінде отбасы мен оқу орны арасындағы серіктестік қатынастарды нығайтуға бағытталды.

«Отбасы — адамзат бесігі» тақырыбында тәрбие сағаттары

«Отбасы — адамзат бесігі» тақырыбында тәрбие сағаттары

2025 жылғы 8 қыркүйекте Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде Отбасы күні аясында «Отбасы — адамзат бесігі» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Іс-шаралар студенттер арасында отбасылық құндылықтарға құрметпен қарауды қалыптастыру, қоғамның моральдық және рухани негіздерін нығайту, сондай-ақ әр адамның өмірінде отбасының маңыздылығын түсінуді мақсат етті. Мұндай тәрбие сағаттары жастардың құрмет, сүйіспеншілік және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ тұлғаның, азаматтықтың және рухани мәдениеттің негіздері дәл отбасында қаланатынын ұғынуға көмектеседі. Қамтылғандар саны: 872 білім алушы.

Бәрі де отбасынан басталады

Бәрі де отбасынан басталады

2025 жылдың 12 қыркүйегінде Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында Киев филиалы кітапханасының қызметкерлері Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің аға кітапханашысы Айман Қожаққызы Бекентаевамен бірге 2-курс-3 курс студенттерінің қатысуымен «Отбасылық альбом: Барлығы отбасынан басталады» тақырыптық іс-шарасын өткізді.

Жиын басында ұйымдастырушылар отбасы институтын нығайту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды. Қатысушылар Қазақстандағы Отбасы күнін тойлау тарихымен де танысты.

 

Іс-шараның интерактивті бөлімінде оқушылар «отбасы» сөзіне өзіндік анықтама берді, «отбасы құндылықтары»  тақырыбына суреттерін салды, сайыстарға қатысты:

– «Мен сен үшін кіммін?

– «Отбасы туралы мақал-мәтел жина»

– «Ассоциациялар»

– «Әдебиет туыстары» ойын

Кездесу соңында қатысушылар берілген тақырып бойынша кинофильм құрастырды. Іс-шара қатысушыларға пайдалы білім мен жарқын әсерлер сыйлап, жылы, достық атмосферада өтті.

《Тіл – бірліктің құдіреті》мәнерлеп оқу сайысы

《Тіл – бірліктің құдіреті》мәнерлеп оқу сайысы

2025 жылдың 8 қыркүйегінде Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі кітапханасының оқу залында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – бірліктің құдіреті» мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Байқауға колледждің үш бөлімшелерінің студенттері қатысты. Өлеңдер қазақ, орыс, неміс, ағылшын тілдерінде оқылды. Қатысушылар жоғары көркемдік шеберлік, поэзияға деген сүйіспеншілік пен еліміздің көптілді мәдениетіне деген құрметті көрсетті.

Құрамында Әбішева Әлия Имашқызы, Аубакирова Айткүл Әшімқызы және Тойшина Гүлмира Мылтықбайқызы бар қазылар алқасы қойылымдарды мұқият бағалады.

Байқау нәтижелері:

– 1 орынды ДТжС-01в тобы Сағатов Нұрсұлтан бөлісті

(қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қоштаева Меңдігүл Сайданқызы) және Слесарь Полина, «Право»-02 тобы (топ кураторы Жұмасаева Сания Төлегенқызы)

– 2 орын – Халилов Дәурен, БиСД-01 тобының студенті (орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Измагилова Сабина Сайлауовна)

– 3 орын – Зеболд Ольга, ФКИС-03 тобының студенті (куратор Абишева Алия Имашқызы)

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға тілге деген сүйіспеншілігі мен сөз өнері үшін алғыс айтамыз!