Заң және Тәртіп: Болашақ таңдау өз қолыңда! ⚖️

Заң және Тәртіп: Болашақ таңдау өз қолыңда! ⚖️

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері үшін «Заң және Тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында ерекше форматтағы кездесу өтті. ҚР ІІМ ҚАЖК «№38 мекеме» РММ тәрбие және сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің (ТСӘПЖБ) бастығы Дархан Қозыбайұлы Бекдауытовтың қолдауымен сотталғандармен «телемөңір» ұйымдастырылды.

⚠️ Басты мақсат — жастар арасындағы қылмыстың алдын алу және бір сәттік қателіктің өміріңізді қалай өзгертетінін ашық көрсету.

Студенттер заң бұзушылықтың ауыр салдары туралы тікелей естіді: 🔹 Дропперлік және алаяқтық: тез ақша табудың соңы темір торға апаруы мүмкін. 🔹 Есірткі саудасы: жасөспірімдердің ең үлкен қателігі және оның ұзақ мерзімді жазасы. 🔹 Бұзақылық: әдепсіз мінез-құлықтың құны тым жоғары.

Бұл кездесу жастарға ой салып, әрбір іс-әрекет үшін жауапкершілік бар екенін түсіндіруге бағытталған. Заңды білу — өзіңді қорғау!

#ЗаңЖәнеТәртіп #Қостанай #ЖастарСаясаты #ҚылмыстыңАлдынАлу #ҚАЖК #ҚСТК

2026 жылғы 29 қаңтарда мұғалім Е.С. Вергилесова ФКиС тобында «Педагогтың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында «Педагогиканың теориялық және практикалық негіздерін қолдану» ОН 3.4 пәні бойынша ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 29 қаңтарда мұғалім Е.С. Вергилесова ФКиС тобында «Педагогтың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында «Педагогиканың теориялық және практикалық негіздерін қолдану» ОН 3.4 пәні бойынша ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Білім алушылардың педагогикалық этика және педагог мәдениеті туралы түсінігін қалыптастыру, педагогикалық қызметтегі кәсіби және адамгершілік нормалардың маңыздылығын түсіну.

Білім алушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, талқылауға белсене қатысып, кәсіби жағдайларды талдау және негізделген қорытынды жасау шеберліктерін көрсетті. Ашық сабақ білім алушыларда педагогтың кәсіби қызметінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде педагогикалық этика мен мәдениеттің маңыздылығын түсінуді қалыптастыруға ықпал етті.

Қайым Мұхамедханов – көрнекті қайраткер, жазушы, абайтанудың негізін қалаушы

Қайым Мұхамедханов – көрнекті қайраткер, жазушы, абайтанудың негізін қалаушы

29 қаңтар 2026 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің кітапханасының оқу залында көрнекті ақын, жазушы, текстолог, ғылыми абайтанудың негізін қалаушы және педагог Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен қызметіне арналған ауызша журнал өткізілді.

Іс-шара  барысында ғалымның өмірбаянындағы маңызды беттер қамтылды: туған-өскен жері мен отбасы, Семейдегі алғашқы Абай мұражайын құруға қосқан үлесі, абайтанушылық және текстология саласындағы еңбектері, Абайдың шәкірттерінің поэтикалық мектебі, Абайға арналған ескерткіштер тарихы, «Абай» энциклопедиясының жарық көруі, сондай-ақ ғалымның отбасы мен балалары туралы мәліметтер.

Балалар қызығушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтар қойды. Әсіресе Абай өлеңдерінің авторлығы туралы жаңа ашылған деректер, ғалымның сталиндік репрессиядан кейінгі қайта оралуы және өмірінің соңына дейін Абай мұрасын насихаттауға арнаған адал еңбегі қатты әсер етті.

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Заң менен басталады» атты айтулы акция өтті!

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Заң менен басталады» атты айтулы акция өтті!

Құқықтық клубтардың белсенділері өз қатарластарының арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында арнайы жадынамалар таратты.

Шараның басты мақсаты: Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және «Әрбір іс заң шеңберінде болуы тиіс» деген қағиданы насихаттау. Белсенділер студенттерге өз құқықтары мен міндеттері туралы маңызды ақпараттарды жеткізді.

Тәртіп пен заңдылық — мықты мемлекеттің негізі. Ал ол әрқайсымыздан басталады!

«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы «Заң және тәртіп» айлығы барысында Қостанай әлеуметтік‑техникалық колледжінде «Құқық және жауапкершілік» тақырыбында тәжірибелік іс‑шара өтті.

«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы «Заң және тәртіп» айлығы барысында Қостанай әлеуметтік‑техникалық колледжінде «Құқық және жауапкершілік» тақырыбында тәжірибелік іс‑шара өтті.

Студенттерге көліктің тайғақ жолдағы жүріс‑тұрысы көрсетілді: арнайы дайындалған жасанды көктайғақ алаңында тайғанау (занос) жағдайын имитациялау, тежеу жолының ұзындығы, сондай‑ақ қыс мезгілінде көлікті басқару ережелері таныстырылды.

Мұндай сабақтар жол қауіпсіздігі тек жүргізу дағдысы ғана емес, сонымен қатар жеке жауапкершілік, жол қозғалысы ережелерін сақтау және айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына құрмет екенін түсінуге көмектеседі.

Қауіпсіздік сақтаңыз, қысқы жолда мұқият болыңыз!

#ЗаңЖәнеТәртіп #АдалАзамат #Қостанай #ҚӘТК #ЖолҚауіпсіздігі #ЖҚЕ #ҚысқыЖол #Жауапкершілік