Кездесу тақырыбы: «Қылмыстардың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ИАС «Электрондық өтініш» (Е-Өтініш) арқылы өтініш беру тәртібі».
Дәріс барысында құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алудың өзекті мәселелері қарастырылып, сондай-ақ ақпараттық-талдамалық жүйелер мен «Е-Өтініш» сервисі арқылы өтініш беру тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Осындай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапты азаматтық мінез-құлықты қалыптастыруға және белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға ықпал етеді.