«Кітап оқу-зиян емес, оқымау – зиян» флешмоб

Мам 25, 2023 | 0 comments

«Кітап оқу-зиян емес, оқымау – зиян» флешмобын қазақ тілінде оқытатын «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту-01»   мамандығының қыздар тобы көрсетті.Флешмоб ағымдағы жылдың 23 мамырында өтті, ол «Оқуға құштар  колледж» тұжырымдамасын іске асыру бойынша жылдың іс-шараларын аяқтады.Жыл бойы іс-шараларға белсенді қатысқан балалар мен оқытушылар мақтау қағазын алды.

Олардың қатарында оқытушылар Д.А. Ахмадеева, В. П. Борискина, А. Е. Тюлендина, А. Ш. Шипенова,Э. Ш. Салкынова, студенттер Лео Кнауц, Асқаров Әнуар, Ксения Захарова, Данагүл Бейсенова, Камила Сапарова, Дмитрий Гончарук , Алина Мешитбаева, Элина Шустова, Никита Гончаренко және басқалар бар.Қатысқандарыңыз  үшін көп рахмет және жаңа оқу жылында қайта жүздескеше!