«Көркем фильмдер түсірілген кітаптар»

Қаң 26, 2024 | 0 comments

2024 жылғы 25 қаңтар  айында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында аға кітапханашы Айман Қожаққызы Бекентаева «Көркем фильмдер түсірілген кітаптар» атты кітапхана көрме дайындады.

      Мұндай іс-шаралардың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, интеллектуалдық, рухани-адамгершілігін    дамытуы.                   Балалар қазақ, орыс және шетел жазушыларының атақты шығармаларының фильмге бейімделуімен танысты: Т.Ахтановтың («Ант» драмасы, оның негізінде «Әбілқайыр-хан» фильмі түсірілді), белгілі қазақ жазушысы Ә.Кекілбаевтың «Домбырашы» повесі «Кек» («Месть» деген мағына береді), сонымен қатар М.Булгаковтың «Шебер мен Маргарита», Ильф пен Петровтың «Он екі орындық» романдарымен  бірге  Джон Р.Р.Толкиеннің «Сақиналар Әміршісі», Дж.К.Роулингтің «Гарри Поттер» және басқа да көптеген көрнекті туындылар, олардың негізінде көркем фильмдер түсірілді.                                                              Студенттер мен оқытушылар көшпелі көрме аясында өздеріне таныс кітаптардың мұқабаларына қызығушылықпен қарап, суретке түсті.                                                                  Балаларға кітап әлеміне көптеген қызықты саяхаттар тілейміз,өйткені  сонда  ғана олардың өмірі бай және қызықты болады.