«Мирас» МС қайырымдылық концерті
Бүгін колледж оқытушылары мен студенттері «Мирас» мәдениет үйінде өткен қайырымдылық концертіне қатысты.
Бүгін колледж оқытушылары мен студенттері «Мирас» мәдениет үйінде өткен қайырымдылық концертіне қатысты.
Қостанай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері арасында «WorldSkills-2023» өңірлік чемпионаты жалғасуда.
КМҚК «Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжіне» біздің колледжден «Бизнеске арналған IT-шешімдер» саласы бойынша «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенттері Яковлев Александр Александрович және Селиверстов Вячеслав Андреевич колледж оқытушылары Гаврилюк Елена Петровна және Денис Александрович Феофилактовтың башылығымен қатысады.
Ал, КМҚК «Қостанай политехникалық жоғары колледжінде» « Графикалық дизайн» және «Web-технологиялар» бойынша жарысқа біздің колледжден « Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенттері Хамаза Дарья Еранқызы және Шатрова Анастасия Владимировна қатысады. Жетекшілері- Абаева Бақытжамал Жаматқызы және Федосеенко Евгений Владимирович.
Сәттілік!
20 сәуірде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында колледж басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Орал Такиров Тобыл қаласындағы № 1 жалпы білім беретін мектепте ата-аналар жиналысына қатысты.
Ата-аналарға колледждің іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, артықшылықтары, құрылымы, сондай-ақ студенттік өмірі туралы ақпарат берілді.
Қостанай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері арасындағы «WorldSkills-2023» чемпионаты жалғасуда.
Бүгін КМҚК «Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжінде» біздің колледжден «Электроника» саласы бойынша « Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенті Хамзаев Ержан, оқытушы Токторбаев Бекежан Қастайұлының басшылығымен қатысады.
Сәттілік пен үлкен жеңістер тілейміз!
Қостанай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері арасында «WorldSkills-2023» өңірлік чемпионаты басталды. Бүгін КМҚК «Қостанай политехникалық жоғары колледжінде» біздің колледждің атынан «Электромонтаждық жұмыстар» бойынша «Электрмен жабдықтау» мамандығының 3 курс студенті Қуаныш Нұрболұлы Бермухамбетов қатысады, жетекшісі оқытушы Азамат Сұлтанұлы Хасанов. Оларға тек өңірлік чемпионатта ғана емес, одан кейінгі чемпионаттарда да сәттілік пен жеңістер тілейміз!
Бүгін колледжге полиция қызметкерлері келіп, оқытушылармен және студенттермен профилактикалық дәрістер өткізді. Қостанай қаласы Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Жалғас Жұматұлы Нұрахметов, ювеналды полиция тобының аға инспекторы Гүлмира Нұрахметқызы Бермухаметова, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ин жөніндегі инспектор Екатерина Дмитриевна Рабцун.