Жүректен шыққан сәлеміміз батырларымызға!

Жүректен шыққан сәлеміміз батырларымызға!

22 сәуірде сағат 22:56-да колледж оқытушылары мен басшылығы, Роза Сейітханқызының бастауымен, №47 Атырау – Астана пойызымен келген студенттерді жылы қарсы алды. Оларды плакаттармен, шарлармен және қошеметпен қарсы алды!

Біздің спортшыларымыз 15-19 сәуір аралығында Түркістан қаласында өткен колледждердің Бірінші Республикалық спартакиадасында колледждің намысын абыроймен қорғады. Команда еліміздің ең үздік сегіздігіне кірді! Ширек финалдағы жеңіліске қарамастан, бұл нәтиже олардың қажырлы жаттығуларының, командалық рухының және жеңіске деген ұмтылысының дәлелі болды.

Колледж сіздерді мақтан тұтады және біздің оқу орнымыздың спорттық тарихына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреді!

Сіздерге зор табыстар мен жаңа жарқын жеңістер тілейміз!

Студенттер арасындағы алғашқы республикалық спартакиада

Студенттер арасындағы алғашқы республикалық спартакиада

15-19 сәуір аралығында Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында Республикалық алғашқы спартакиада өтті. Іс-шара Еңбек мамандықтары жылы аясында «Еңбек кубогы» атауымен ұйымдастырылды.

Оқу орнымыздың студенті Урал Акимхан бұл додада жоғары спорттық шеберлігімен ерекшеленіп, марапатқа ие болды. Оның мақсаткерлігі, рухының мықтылығы мен командалық ынтымағы қатарластарына үлгі болып, республикалық деңгейде лайықты бағасын алды.

Акимханды   осы жетістігімен құттықтаймыз және алда биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

Цыкунова Эвелина – «Алтын микрофон – 2025″іріктеу турының жүлдегері

Цыкунова Эвелина – «Алтын микрофон – 2025″іріктеу турының жүлдегері

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенті Цыкунова Эвелина «Алтын микрофон – 2025» XXI Халықаралық вокалдық байқауының аймақтық іріктеу кезеңінде ІІ орынды иеленіп, жүлдегер атанды!

Байқаудың ұйымдастырушылары – Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының “Халық шығармашылығы мен кино-видеофонд облыстық орталығы” КМҚК.

Эвелина жоғары вокалдық шеберлігін, сахнада өзін еркін ұстай білуді және өнерге деген сүйіспеншілігін көрсете білді.

Біз сенімен мақтанамыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!

Қазақстан Республикасы колледждерінің алғашқы республикалық Спартакиадасы — Түркістан 2025

Қазақстан Республикасы колледждерінің алғашқы республикалық Спартакиадасы — Түркістан 2025

15–19 сәуір аралығында көне де қонақжай Түркістан қаласында еліміздің колледждері арасындағы алғашқы республикалық Спартакиада өтуде!
Бұл — еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең үздік командаларды біріктірген күш-жігер мен бірліктің шынайы мерекесі.

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің командасы Спартакиаданың мини-футбол жарысына қатысып, облыстық кезеңде 1 орынды иеленіп, намысты қолдан бермей, өңір атынан лайықты түрде қатысып жатыр!

15 сәуір күні біздің студенттер Маңғыстау командасын 2:0 есебімен жеңіп, өз шеберліктерін жарқын дәлелдеді!
Бұл жеңіс — еңбектің, мақсатқа ұмтылудың және нағыз командалық рухтың жемісі! 

Команданың дайындалуына жан-жақты қолдау көрсеткен Қостанай әлеуметтік-техникалық университетіне және ректоры Абдуллин Р.Б.-ға айрықша алғысымызды білдіреміз!

Бұл жетістік жаңа белестерге жол ашып, студенттерге шабыт сыйлап, колледжіміздің мерейін арттыра берсін!
Алға, Қостанай! Жаңа жеңістерге жол ашық болсын!

«Kamlit»зауытының базасында жұмысшы мамандықтар кафедрасының филиалын ашу

«Kamlit»зауытының базасында жұмысшы мамандықтар кафедрасының филиалын ашу

2025 жылғы 15 сәуірде «Kamlit» зауыты базасында Қостанай әлеуметтік-техникалық университетімен бірлесе отырып, жұмысшы мамандықтар кафедрасының филиалының салтанатты ашылуы өтті.

Салтанатты шара Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті. Қонақтар қатарында атқарушы билік өкілдері, Білім басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы мен қалалық мәслихат хатшысы болды.

Кафедра аясында біздің студенттер жұмысшы мамандықтары бойынша білікті және тәжірибеге бағытталған даярлықтан өте алады.

Филиалдың ашылуы – бұл кәсіби дағдылар мен іскерліктерді игеруге, сондай-ақ жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тағы бір маңызды қадам!