«Бір колледж-бір кітап» акциясы

Қар 20, 2023 | 0 comments

«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде бір ай бойы «Бір колледж-бір кітап» акциясы өткізілді, оның мақсаты – ұлттық әдебиетке оқырмандарды қызықтыруды қолдау , дамыту және кітапханаға оқырмандарды тарту. Оқуға ұсынылған кітап – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы. Балалар кітапхананың оқу залында ұйымдастырылған көрмені қызығушылықпен тамашалап, оқылған кітап туралы әсерлерімен бөлісті. «ДТжС» -01 тобының жігіттері ерекше қызығушылық танытты, олар өз бетінше презентацияларды дайындап, Мұхтар Әуезовтің оқыған кітабы туралы ғана емес, сондай-ақ ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы да өз әсерлерімен бөлісті. Іс-шараға қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушылары Сейденова Әсем Еркуанышқызы және Антаева Тансулу Рахымжанқызы қатысты.