Чемпион Владислава Кухтамен кездесу

Чемпион Владислава Кухтамен кездесу

2023 жылдың 20 қыркүйегінде Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің оқу залында дене шынықтыру және спорт бөлімінің студенттері мен оқытушылары біздің колледж түлегі Кухта Владиславамен кездесті. Владислава біздің колледжді 2019 жылы бітірді. Бірақ осы қысқа уақыт ішінде әйелдер боксынан Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2015,2016,2020, 2022 жылғы Қазақстан чемпионы, 2017, 2018, 2019, 2021 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, 2015 жылғы Әлем чемпионатының (Тайвань о.) қола жүлдегері, 2021 жылғы Азия чемпионатының (Дубай қ.) финалисті, түрлі халықаралық турнирлердің чемпионы атанды Өзбекстанда, Түркияда, Ресейде, Сербияда, Польшада және Украинада.

Владиславамен кездесуге студенттер ғана емес, оқытушылар да келді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Әбішева Әлия Имашқызы балаларға Владиславаның барлық жаттығулармен және жарыстарға баруымен бірге,  оқуын тастамағаны туралы, әрдайым оқытушыларға келіп, тапсырмаларды біліп, барлық пәндерді «өте жақсы» бағамен тапсырғаны туралы айтып берді – қызыл диплом бұған дәлел. Математика пәнінің оқытушысы,өткенде   еркін күрестің спорт шебері Тюлюмбаев Қажин Қалиұлы да кездесуге келіп , Владиславаның болашаққа жоспарлары мен алдағы жарыстарға қатысуына қызығушылық танытты.

Владиславаның өзі өзінің спорттық өмірі туралы айта отырып, өзін-өзі тәрбиелеу оған спортта белгілі бір жетістіктерге жетуге көмектесетінін атап өтті. Қажырлы еңбек пен ерік-жігерсіз мақсатқа жету мүмкін емес. Сіз үнемі жаттығуыңыз керек, бұл күнделікті қажырлы еңбек. Балалар кешегі студентті үлкен қызығушылықпен тыңдады, көптеген сұрақтар қойды, қолтаңба алды, ал кездесу соңында олар ұзақ уақыт Владиславаны жібермеді, өйткені олар чемпионмен бірге суретке түскісі келді. Кездесу соңында аға кітапханашы Бекентаева Айман Кожаковна Владиславаға өзінің  сүйікті Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің педагогтары мен студенттерімен кездесуді еске алуға арналған күнделік сыйлады.

Кездесу бәріне ұнады. Колледж педагогтары мен студенттері Владиславаға жарқын спорттық өмір мен жаңа жеңістер тілейді!!!

«Кітапхана – сәттілік аумағы»

«Кітапхана – сәттілік аумағы»

2023 жылғы 19 қыркүйекте Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі кітапханасының оқу залында бірінші курс студенттерімен дәстүрлі кездесу –Ашық есік күні өтті. Аға кітапханашы Бекентаева Айман Кожаковна балаларды кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстырып, кітапхана қоры, әдебиет жаңалықтары және «Оқуға құштар  колледж» тұжырымдамасы аясында өткізілетін тақырыптық іс-шаралар туралы айтып берді .

Бірінші курс студенттері электронды басылымдарға қызығушылық танытты, сұрақтар қойды және әңгіме барысында кейбіреулер кітапхана өміріне қатысуға ниет білдірді. Солардың бірі ФКиС-01А тобының студенті Андрющенко Нина болды. ( суретте)

Кнауц Лео, Асқаров Әнуар, Захарова Ксения, Мешітбаева Алина, Ибраева Айдана,  «Менеджмент» мамандығының 3 курс студенттері, өткен жылы өткізілген іс-шаралар туралы өз әсерлерімен бөлісіп, кітапханаға жиі келуге кеңес берді. Ксения Захарова «Еркін микрофонға»  қатысқаны  туралы, онда ол өзінің кескіндемеге деген құштарлығы туралы  айтты, ал Ибраева Айданаға «Романтикалық сезімнің әдеби соты» есінде қалды . Әнуар Асқаров іс –шараларға қатысудың «артықшылықтарымен» бөлісті-студенттің портфолиосы грамоталармен толықтырылуда .

22 қыркүйек-Қазақстан халқының Тілдері күні

22 қыркүйек-Қазақстан халқының Тілдері күні

22-ші қыркүйек күні біздің колледжде » Тілдер» күніне арналған мереке өткізілді.

Бұл мерекенің мағынасы біздің ел үшін өте маңызды,себебі Қазақстада жүздеген ұлт өкілдері тұрады.

Барша халыққа денсаулық пен ашық аспан тілейміз!

«Есірткіге «жоқ» де» науқан

«Есірткіге «жоқ» де» науқан

2023 жылдың 15 қыркүйекте жергілікті полиция қызметі есіркі бизнесіне қарсы бөліммен бірлесіп қоюшыларды азғырып-көндіруге және есірткі заттарын таратуға қарсы науқан өткізді.

Іс-шара өткізуге біздің колледж студенттері, волонтерлар және жергілікті телевидидар қызметкерл шақыртылды..

Жастарымыз есірткіге қарсы шығып, салауатты өмір салтын ұстануы қуантарлық жағдай.

Білім күніне арналған салтанатты сап өтті!

Білім күніне арналған салтанатты сап өтті!

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжде 1 қыркүйекте 2023 жылы Білім күніне арналған сальтнатты сап өтті!

Бірінші курс студенттерін колледж басшысы Шукманов Р.С. құттықтам, парламент белсенділері «Құдаша» биің орындап және 1 курс студенті мамандығы «Аударма ісі» Смағұлова Әлия «Иә, солай» әнің орындап шықты.

Кейін 1 курс студенттері топ жетекшілерімен кураторларымен «Білімге, еңбекке және патриотизмге ұлтылу» атты сынып сағаттарын тақырыбында өткізеді.

Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетімен бірлесіп мерекелік концерт мәдениет Сарайында өткізеді.
Қостанай облысының атақты би ұжымдары мен блогер, актер және әнші Азамат Ибраев студенттерді өз шығармашылықпен қуантты.

1 курс студенттеріне жаңа оқу жылында толағай табыстар тілейміз!