Мамандық таңдау — табысқа бастар жол! 🎓
Қостанай әлеуметтік-техникалық колледж қазіргі уақытта қала және облыс мектептерінде кәсіби бағдар беру кездесулерін белсенді түрде өткізуде. Колледж оқытушылары оқу орындарына барып, болашақ түлектерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар береді.
Кәсіби бағдар беру кездесулері Қостанай облысының мектептерінде өтіп, ондаған болашақ түлектерді қамтуда.
💡 Кездесулер барысында оқушылар:
— колледждегі ең сұранысқа ие мамандықтар туралы;
— оқуға түсу ережелері мен оқу шарттары туралы;
— студенттік өмірдің қызыққа толы екені және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы біледі.
Кездесулер нәтижелі өтуде: оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өздерінің болашақ кәсіби жолына қызығушылық танытуда.
