«Адамдар оқуды тоқтатқанда, ойлауды тоқтатады»

Жел 26, 2023 | 0 comments

2023 жылдың 25 желтоқсанында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында аға кітапханашы Айман Қожаққызы Бекентаева «Адам кітап оқуды тоқтатқанда, ойлауды тоқтатады» атты кітапханалық квилт дайындады. Мұндай іс-шаралардың мақсаты – оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамыту, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, оқырмандарды кітапханаға келуге тарту. Шараға колледждің үш бөлімшесінің студенттері белсене қатысты.

Студенттер мен мұғалімдер кітаптар туралы өз сезімдерін жазды. Кітаптар мәңгі өмір сүреді. Компьютер мен Интернет жылдам, түсінікті ақпаратты бере алады. Бірақ ғылыми білім әлі де тек кітап арқылы тарайтын болады. Кітаптың арқасында біз өмірді түсінуді және маңызды сұрақтарға жауап табуды үйренеміз. Егер біз оқымасақ, бізді қоршап тұрған адамдарды пайымдай немесе түсіне алмаймыз.

Келе жатқан Жаңа жылда барлығына қызықты интеллектуалды саяхаттар тілейміз. Кітап оқу арқылы ішкі дүниеңіз байысын!