Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл

Ақп 15, 2024 | 0 comments

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына арналған көрме ұйымдастырылды. Атақты суретшінің, ұлттық бейнелеу өнерінің негізін қалаушының аты барша қазақстандықтарға белгілі. Суретші көптеген көркемөнер көрмелерінде көруге болатын 1100-ден астам шығарманы жасаған. Әбілхан Қастеевтің таланты, мақсаттылығы және өзіне деген талпынысы көркемөнердің шыңына жетуге, өзінің керемет дарынымен адамдарды бағындыруға мүмкіндік берді. Әбілхан Қастеевтің ең танымал картиналары: «Мақта жинау», «Келін ұрлау», «Түрксіб», «Биік тау мұз айдыны Медео», «Амангелді әскері», сондай-ақ еліміздің көрнекті адамдарының портреттері.   

Халық суретшісінің 120 жылдығына орайластырылған көрме студенттер мен оқытушыларға суретшінің белгілі репродукцияларын тағы да еске алуға және сынып сағаттарында оның шығармашылығы туралы әңгімелесуге көмектесті.