Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде I–IV курс студенттерімен маңызды кездесу өтті

Қаз 15, 2025

Іс-шараның басты спикері Қостанай қаласы Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Темірғалиев Қ.Ә. болды.
Майор Темірғалиев Қ.Ә. келесі негізгі аспектілерге ерекше назар аударды:
• Қоғамдық тәртіпті бұзу:
• Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік:
• Киберқауіпсіздік мәселелері:
Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынына және әкімшілік құқық бұзушылықтар жастардың одан әрі оқуына және кәсіби мансабына теріс әсер етуі мүмкін екеніне ерекше баса назар аударылды.
Студенттер талқыланған тақырыпқа жоғары қызығушылық танытып, нақты өмірлік жағдайларға қатысты сұрақтарды белсенді қойды. Майор Темірғалиев Қ.Ә. құқық қолдану практикасынан мысалдар келтіре отырып, жан-жақты жауаптар берді.