Worldskills-2023 аймақтық чемпионатының жабылуы

Мам 5, 2023 | 0 comments

Бүгін, 5 мамырда сағат 15:00-де студенттер мәдениет сарайында білім басқармасы ұйымдастырған WorldSkills-2023 өңірлік чемпионатының жабылуы өтті. Біздің колледждің он қатысушысының ішінде 2 студент жүлделі орындарға ие болды. «Бизнеске арналған IT-шешімдер»   құзыретінде ЕТжБҚ-03 тобының студенті Селиверстов Вячеслав Андреевич күміс медальмен марапатталды. Ал «Электромонтаждау жұмыстары» құзыретінде   ЭС – 03 тобының студенті Қуаныш Нұрболұлы Бермухамбетов медальонмен марапатталды. Біздің білім алушылар мен олардың жетекшілері Денис Александрович Теофилактов пен Азамат Сұлтанұлы Хасановты жеңістерімен  құттықтаймыз!