Студенттердің құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесуі

Мау 18, 2025

Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша кең ауқымды жұмыс аясында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде студенттер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің маңызды кездесуі өтті. «Есірткі – менің тақырыбым емес!» ұранымен өткен іс-шара жастардың есірткі қаупі туралы және олардың заңсыз айналымына байланысты құқықтық салдары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған болатын. Негізгі баяндамашылар Қостанай облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жетекші мамандары: облыстық ПД ЕҚҚІБ аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі А.Қ. Ерадилова және Қостанай қалалық Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Асель Қайсарқызы Сексенова болды. Полиция өкілдері есірткіге қарсы іс-қимыл – бүкіл қоғамның міндеті екенін атап өтті. Олар студенттерді қырағы болуға, арандатушылыққа бой алдырмауға, интернеттегі күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және кез келген күдікті жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды. Салауатты өмір салтының, спортпен шұғылданудың және зиянды әдеттерге балама ретінде пайдалы әуестіктерді дамытудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжіндегі кездесу студенттердің есірткіні қабылдамау және оларға байланысты барлық ауыр салдарды түсінуде тұрақты ұстаным қалыптастыруда маңызды қадам болды.

Бейне: INSTAGRAM