Шахмат – балалар мен ересектерге арналған зейінді, интеллектті, логикалық ойлауды дамытатын танымал ойын.
Шахмат – бұл шоғырлану, сыни тұрғыдан ойлау, дерексіз ойлау, мәселелерді шешу, үлгіні тану, Стратегиялық жоспарлау, шығармашылық, талдау, синтез және бағалау сияқты өмір бойы қолданылатын ақыл-ой қабілеттерін дамытатын шексіз ақыл-ой жаттығулары.
2023 жылғы 12 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының барлық мектептерінде, мектептен тыс ұйымдарында және колледждерінде шахмат ойыны басталды.
Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі де осы челленджге қосылды, оған тек студенттер ғана емес, колледж қызметкерлері де қатысты.