Шағын футболдан жарыс

Мам 16, 2022 | 0 comments

2022 жылдың 11-14 мамыры аралығында Ұлттық студенттік лига аясында колледж командалары  арасында футзалдан облыстық жарыс өтті. Жарысқа Қостанай облысының 14 колледжі қатысты.

Колледжіміздің командасы жарыста сәтті өнер көрсетіп, топтық кезеңде Рудный қаласының командаларын жеңіп, жартылау финалда медициналық кеолледж кездесіп, кездесу біздің команданың жеңісімен аяқталды.

1-2 орын үшін финалда біз КИПК командасымен ойын өткіздік, ол 5:1 есебімен біздің пайдамызға ,жеңіспен аяқталды.