РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ «ТАЗАЛЫҚ ЖАРШЫСЫ»

Қаң 6, 2026

Акцияның мақсаты — колледж жастарының экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа саналы көзқарас қалыптастыру, қалдықтарды басқару дағдыларын дамыту және білім беру ұйымдары мен жергілікті қауымдастықтарда
«тазалау — сұрыптау — қайта өңдеу»
тұрақты тәжірибесін енгізу.
Акцияның міндеттері:
🔹 Жастардың қоғамдық және волонтерлік белсенділігін арттыру
🔹 Оқу орындарында экологиялық білім мен мәдениетті насихаттау
🔹 Қазақстанның барлық өңірлерінде экологиялық қозғалыстарды дамыту 🇰🇿
🔹 Табиғатты қорғауға арналған эко-сағаттар, тренингтер мен сенбіліктер ұйымдастыру
🔹 Экологиялық бастамаларды әлеуметтік желілерде кеңінен танымал ету
Қостанай облысы колледждерінде экологиялық челленджді бастаймыз!
Қосылыңыз, әрекет етіңіз және өзгелерді шабыттандырыңыз!
Бірге әлемді таза етейік!