Саясаттанушы Индира Рыстина жаңа преамбулада тарихымыз, қандай қоғамда өмір сүріп жатқанымыз және елдің негізгі қағидаттары анық көрсетілгенін айтты. Оның сөзінше, бұл Конституция жобасындағы кіріспе сөз мектеп оқушысына да түсінікті.
«Референдум–2026» онлайн марафоны қалай өтті?
Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналды. Алты сағат бойы 100-ге жуық спикер ашық диалог алаңында талқылаулар өткізіп, құжаттың мазмұны мен маңызын және қоғам өміріне ықпалын жан-жақты талдады. Марафон отандық телеарналар мен интернет порталдардың ресми сайты мен әлеуметтік желідегі платформалары арқылы тікелей трансляцияланды.
Астанада жаңа Конституцияға арналған «Референдум-2026» онлайн-марафоны өтті
Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң ретінде ұйымдастырылған. Алты сағатқа созылған марафон барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды
#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026